Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай желідегі парақшасында көптеген елдердің пандемиямен қалай күресіп жатқандығын бөлісті.
"Достар, осынау қиын-қыстау күндері барлық елдердің Үкіметі, бірі қалмастан, халыққа және экономикаға көмек көрсетіп жатыр. Мен Forbes Russia инфографикасын алып, дизайнын өзгертіп, Қазақстанмен толықтырып, сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын. Енді, осы арқылы сіздер Қазақстанның әрекеттерін дамыған елдермен салыстыра отырып көре аласыздар. Біз 30 көшбасшы елдер қатарына ұмтылып едік қой? Ендеше, халық қамын ойлау бойынша осы елдерге қарап бой түзеуді бастайық", - деді жазбасында.