АҚШ-та Covid-19-ды жасаған ғалым қамауға алынды

34497
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-та Ковид-19 жасаушысы қамауға алынды
АҚШ-та Ковид-19 вирусын жасап, Қытайға сатқан деген болжаммен осы вирусты жасаушы болуы мүмкін ғалым қамауға алынды. Атап айтқанда, WCVB телеарнасы АҚШ әділет министрлігінің ресми мәлімдемесін таратты.

Гарвард университетінің (АҚШ) химия және биология кафедрасының меңгерушісі доктор Чарльз Либер қазір күдікті ретінде қамауға алынды. Американдық ғалымның Ухань университетімен Ковид-19 жасауға келісімшарты болған. Либер Гарвардтағы (АҚШ) өзінің кеңсесінде қамауға алынды.

Тергеу жаңа коронавирустың пайда болуы мен таралуына байланысты жүргізілуде.

Қаңтар айында Либердің екі серігі де қамауға алынған болатын. Оларға АҚШ-тағы зертханадан 21 бөтелке жасушаны Қытай асырмақшы болды деп Бостон әуежайында тұтқынға алынған.

Аталған американдық ғалым өзінің ғылыми зерттеулері үшін 1,5 миллион доллар көлемінде ақша алған (АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институтының, Гарвардтың, Бостон университетінің грантын алды, сонымен бірге Қытайдан тұрақты ақша аударылып тұрған).

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер