Әскери жиынға шақыруда жастарға басымдық беріледі

3138
Adyrna.kz Telegram

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскерге шақыру бөлімдері арнайы жиындарға әскери міндетті азаматтарды шақыруда жастарға басымдық беретіндігін айтты. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

"Арнайы жиынға әскери міндетті, денсаулығы жарамды барлық азамат шақырылады. Бірақ жергілікті әскери бөлімдер медициналық тексеруді ұйымдастырғаннан кейін әскери жиынға өз еркімен барғысы келетіндерге басымдық береді. (...) Заң бойынша 60 жасқа дейінгі офицерлер, сержанттар және 50 жасқа дейінгі әскери қызметкерлер әскери жауапкершілікке тартылады. Бірақ, мен атап өткендей, бізде әскери міндетті азаматтар көп, сондықтан жас адамдар шақырылады, - деді ол.

Министр шақырылған адамдар әскери бөлімшеге белгіленген күні келмеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын атап өтті.

"Әскери жиынға шақырылғандар басқа аймақтарға жіберілмейді, - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ҚР Президенті Тоқаев  "Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын", - деген жарлық шығарған еді.

Пікірлер