Атырауда 30-дан астам елді мекенді су басуы мүмкін

2983
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында көктемде су басуы мүмкін 34 елді мекен бар.

Облыстық Төтенше жадайлар департаментінің бөлім жетекшісі Берік Құрманалиевтің айтуынша, департамент өкілдері Ресей Федерациясының Астрахан, Волгоград және Оренбург облыстарының бас басқармаларымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Соның ішінде гидрологиялық режим бойынша да мәлімттер алмасып отыру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Ал қазір көктем шықты, қар енді еріп жатыр. Сондықтан су тасқынының қаупі әлі алда.

Атырау облысының аумағында 1 қала мен 4 ауданды, 34 елді мекенді, 27258 адам тұрып жатқан 8474 тұрғын үйді су басу қаупі төніп тұр. Жергіліктің және республикалық маңыздағы ұзындығы 166 км-ді құрайтын 28 қауіпті жол учаскелері бар.

Берік Құрманғалиевтің хабарлауынша, су тасқынының салдарын жою үшін 8 461,1 тонна жанар-жағармай, 1947 тонна инертті материалдар, 40 мыңға жуық қап, 45 шатыр мен 6358 көрпе-төсегі бар кереуеттер дайындалған.

inform.kz

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер