“Қорлады”. Атырауда мұғалім педкеңестен соң өзін өлтірмек болған

560
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Атырауда мектеп мұғалімі суицид жасамақ болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.

№37 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі педкеңесте директор мен әріптесі тарапынан қорланғанын хабарлаған.

Orda.kz-тің мәліметінше, кеңес барысында қазақ тілі пәнінің мұғалімі  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мұратованы алаяқтық жасады деп айыптаған. Бір ер адам келіп, Мұратова туралы әшкерелейтін ақпарат жеткізген. Жәбірленушінің әріптестері оны қорғауға тырысып, әңгімені тоқтатуды талап еткен көрінеді. Дегенмен мектеп директоры тексеруді жалғастыруға мүмкіндік беріп, жағдайды тоқтатпаған.

«Ол мені педкеңес барысында қорлады. Осыдан кейін шыдай алмадым. Бұған дейін мектеп директоры маған "қолы өте ұзын" деп айтқан болатын. Бұл мен үшін қатты қорлау болды, басқа амал таппадым. Әріптестерім мені қолдады, бірақ директор кеңесті аяқтаудан бас тартты», — деп бөлісті Сандуғаш Мұратова Orda.kz тілшісіне.

”Қорландым” деген ұстаз педкеңесте оқушылардың тәртібі мен үлгерімін талқылау жоспарланғанын айтқан.

«Олар мені біреуден ақша алып, қайтармады деп айыптады. Егер мен заң бұзған болсам, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет еді, педкеңесте мәселені қараудың қажеті жоқ еді. Директор әдейі басқа мұғалімге мен туралы осындай сөздер айтқызды. Барлық кінәлілерді, соның ішінде директорды да жауапкершілікке тартуды талап етемін», — деп қосты Мұратова.

Педкеңестен кейін шамамен 20:00-де мұғалім өзін-өзі өлтіруге әрекеттенген. Қазіргі уақытта ол ауруханада ем алып жатыр.

Пікірлер