Ресейде бір тәулікте 11 адам коронавирус жұқтырған

2336
Adyrna.kz Telegram

Ресейде коронавирус инфекциясының таралуымен күрес бойынша жедел штабы бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 11 дерегі анықталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.

"Соңғы тәулікте Ресейде Федерация азаматтарының коронавирус инфекциясын жұқтырудың 11 дерегі тіркелді: бесеуі - Мәскеуде, біреуі - Мәскеу облысында, үшеуі - Санкт-Петербургте, біреуі - Ленинград облысында, біреуі - Пермь өлкесінде", - делінген хабарламада.

ДДҰ 11 наурызда әлемдегі жаңа коронавирустың пандемиясын жариялады. ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті 12 наурызда елімізде індеттің шыңы жүріп өткенін жариялады. Қазіргі уақытта Қытайда 3189 адам сырқаттанып, 65,5 мыңнан астам пациент сауығып кеткен. Қазақстанда бүгінгі күні коронавирусты жұқтырудың төрт оқиғасы расталды.

Пікірлер