"Қазақстанның жағдайы қиын"-сарапшы

1121

"Bank of America Corp" өткен аптада "қаржы дағдарысының келесі толқыны жақындап қалды" деген ақпарат таратты: Артынша мұнай бағасы 18 пайзға, сонан соң 31 пайызға арзандап шыға келді. Сарапшылар бұл жолы Қазақстан өте қиын жағдаймен бетпе-бет қалғанын ашық айта бастады: Интервенция жасап, теңгені қолдан ұстап тұрмаққа кіріссе, ішкі резервтің бәрі Ресейге кетіп, Ұлттық қордың түбі көрініп қалады. Себебі Ресей, рублін жасанды түрде ұстап тұруға ниет танытып отырған жоқ. Ресейдің Орталық банк бүгін  ресей доллар сатып алмайды деген хабар таратып жатыр. Ұлттық банктің ендігі беталысы Ресейдің ұстанымына қарап айқындалатыны анық, Келер аптаның жартысын біздің ел АҚШ доллары мен теңге дәлізін 400немесе одан да жоғары бағаммен қарсы алады немесе Ұлттық қорға тағы да ауыз салады. Екінің  бірі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін түске дейін Ақ орда да шұғыл кеңес өткізіп, жаңа экономикалық, қаржылық саясатымызды тағы бір пысықтап алды.  Қазақстан тәрізді мұнай-газға тәуелді дамушы елдердің нарығы жыл сайын қысқарып, жоғары технологиялық өнім шығарумен айналысатын компаниялардың акциялары қымбаттап барады. Мұндай жағдайда инвесторлар қайтарымы күмәнді жобаларды емес, болашағы мол компаниялардың акцияларын сатып алатыны  , Ресейлік қаржы омбудсмені Павел Медведев бүгін   nation-news.ru журналисіне берген сұқбатында Ақ үй бұл жолы дағдарысты қолдан жасап, оған әлемді әдейі итермелеп отыр деп салды.  "Bank of America Corp" сарапшылары Ресейдің дефолты емес, бүкіләлемдік экономикалық дағдарысты айтып отыр. Ондай дағдарыс болса, біраз мемлекеттер сияқты біздің ел де оның зардабын сезетін болады. Ресейдің әлемдік нарыққа экспорттап отырған газ, қорғасын сияқты шикізат ресурстарының бағасы төмендеп кетті. Бұл бізге ауыр тиеді.  Дегенмен, 98-дегі дефолтты еске алса, әлі күнге дейін экономистер шырт ұйқыдан шошып оянады  Ал 1998, 2008 жылғы дағдарыстың салдары Орталық Азия елдері мен Ресей арқасына қатты батқанын әлі ешкім ұмытқан жоқ.

Соңғы кездегі дағдарыстың толқынын біреулер шексіздікті, енді біреулер сәтсіздікті білдіреді дейтін сегіз санымен байланыстырып (1998, 2008, 2018), оны болмай қоймайтын эволюциялық құбылысқа теңеп қойғандар да бар. Ал экономистер болса, экономиканың өз заңдылығы барын және сол заңдылыққа тәуелді екенін айтады. "Сол себепті әр 10 немесе 20 жыл сайын оның қайталанып отыруы да заңды құбылыс" деп сендіргісі келеді.

EG.RU агенттігінде Орталық Азия және Ресей тақырыбын жиі сараптайтын экономист Денис Овсиенко бізбен әңгімесінде 2008 жылғы дағдарыстың мүлдем басқа себептерден болғанын айтады. Ол себептердің ішінде экономикадағы проблема тудырып отырған көбік активтер бар. Банктерде құнды қағаздардың жинақталып қалғаны соншалықты, оның құнын анықтау мүмкін болмаған.

Қырым тұрғанда әлемдік қауымдастықтың Ресейге қырын  қарайтыны о баста белгілі еді.  Ресейлік сарапшы Денис Овсиенко   қазақстандық журналистермен кездескен кезде  дағдарыстың әсерін сезетінімізді айтты. «Бірақ 2008 жылғы дағдарысты қазіргі кезеңмен салыстыруға болмайды. ЕАЭО немесе әр мемлекеттердің ішкі мүмкіндігі арқылы дағдарыстың ықпалын әлсіретуге болады» дейді Денис Овсиенко .

Қазақстандық сарапшы-қаржыгер Ілияс Исаевтың айтуынша, АҚШ-тың пайыздық мөлшерлемені жоғарылатуы немесе төмендетуі баяғыдай ойнамайды. Өйткені, бұрын бүкіләлемдік экономика заңдылығына АҚШ долларының ықпалы зор болса, қазір бұл көрсеткіш 47 пайызға дейін төмендеп кетті. АҚШ-тың нысанасына ілініп отырған Ресей Федерациясындағы құнды қағаздар мен облигациялардың 40 пайызы Еуромен сақталған. Бұл Ресей экономикасының АҚШ долларына тәуелділігі азайып барады дегенді білдіреді.

Ілияс Исаев осы ретте әлемдік дағдарыс дегенді АҚШ-тың ішкі дағдарысы деп атау дұрыс екендігін ескертіп өтті. Себебі АҚШ-тың санкциялар соғысы тек Ресейге емес, сауда соғысы арқылы Қытайға қарай да ойыса бастады. Ал Қытай Шаңқай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) арқылы әлем елдерінің 70 пайызын өзіне қарай икемдеуге бағыт алды. ШЫҰ соңғы саммитінде ұйымға мүше елдердің де, бақылаушы елдердің де қатары артты. Бұл тенденция Қытай юанінің әлемдік валюта дәрежесіне көтеріліп, АҚШ долларымен текетіресетін кезін жақындатып келе жатыр.

Ресейлік сарапшы Ксения Юдаева құны 200 млрд рублден асатын облигация сатылып, оны иеленгендер саны 34,5 пайыздан 31 пайызға дейін азайып кеткенін айтты. Бірақ, оның ойынша, бұл фактор елдің инвестициялық климатына әсер ете алмапты.  Ал "Emerging Portfolio Fund Research (EPFR)" сараптау орталығы мұндай қорытынды жасауға ерте деп отыр. Бұл жолы қауіп тек Ресейге емес, барлық дамушы елдерге төніп тұр. Ал "Emerging Portfolio Fund Research" бұл жолы Қытай мен Ресей нарығы ғана зардап шекпейтінін айтады. «Мен екі түрлі сценарийді көріп тұрмын. Егер АҚШ-тың Федералды жүйесі базалық мөлшерлемені бірден көтеріп жіберсе, бұл дағдарысты жеделдетеді. Ал ол қалыпты жағдайда өтсе, нарық оған дайындалуга мүмкіндік алады» дейді  Ксения Юдаева

Ол сөз арасында  адоллардың күш алуына АҚШ-тың базалық мөлшерлемесінің жоғары болуы мен қымбат мұнайдың әсер ететінін айтады. Себебі әлемдегі мұнайдың барлығы АҚШ долларымен сатылады. Тек қара нарықты ескермегенде. Бірақ қара нарықтағы сауда статистикасын жасаған ешкім жоқ. Дамушы елдердегі инвестор бірден АҚШ-тың тұрақты активтеріне басымдық береді. Қазір АҚШ үшін базалық мөлшерлеменің деңгейі – қуатты қару. «Біз 2020  жылдың алғашқы тоқсаннын қандай жағдайда қабылдаймыз?" деген сұраққа "Осы күнге дейінгі болжам Ресей экономикалық қыспақтың құрсауында қалады" деп келді. Бірақ күні кеше АҚШ және РФ Президенттері кездескенде АҚШ Президенті Дональд Трамп жағдайды түзету мүмкіндігінің туып тұрғанын, бүгінге дейін оның болмағанын айтты, дейді  Ксения Юдаева

Қазақстан, мұнайлы мемлекет ретінде бұл жолы да борт сыртында қала алмайды.  Экономист Алмас Чукин  мұнай  бағасының арзандауы короновирустен де артық әсер еткенін айтты.  Бұл тек Қазақстанның ғана емес, әлемдік экономикадағы миллиардтар мен триллиондардың беталысын өзгертіп жіберетін фактор.

«Мұны дағдарыс немесе экономикаға салмақ емес, жаңа кезеңнің бастауы деп қабылдау керек. Бұл үкіметтің  экономикалық біліктілігіне сын болмақ. Қазақстан енді көрпесіне қарап көсілетін болады» дейді Алмас  Чукин.

Сонымен қатар Алмас Чукин кешегі жиған қор алдағы бірер жылға дейін жететінін айтады. Біз соданк кейінгі жағдайды бүгін ойлауымыз керек. Себебі әлемде синтетикалық мұнайдың бәсі басым бола бастады. 2020-2025 жылға қарай әлемдегі мұнайға деген сұранысты синтетикалық мұнай қанағаттандыра алады деген болжам бар. Қазіргі доллардың қымбаттауы ертенгі бізді тосып тұрған проблемамен салыстырғанда түк те емес.

«Адамдар АҚШ доллары 400 болса да, 500 теңге болса да бір дүрлігіп басылады. Халықтың кедейлігі доллардың қолдауы болып табылады. Халықта долларға «аудару» үшін қол жетімді үлкен теңге массасы жоқ. Бұл маневрді көргісі келгендердің барлығы 2015 жылдан бері мұны бірнеше рет жасады. Ал теңге резерві бар мемлекеттік компанияларға доллармен жұмыс істеуге рұхсат бермейді» дейді Алмас Чукин.

Қазақстандық қаржыгер Сапарбай Жұбаев әлеуметтік желідегі парақшасында «Саудия ОПЕК+ ұсынысын қолдамағаны үшін АҚШ, Ресей, Қазақстанды мұнай нарығынан шеттету мақсатында Брент бағасын барреліне 32 долларға дейін төмендетті.
Әлем қаржы биржаларында үлкен қобалжуларға себеп болды. Ресей рублі Forex саудасында 1 долларга 64 тен 73 ге дейін құнсызданды.
1. Ертең Ресей және Қазақстан биржаларында біраз нәрсе анық болады. Өзгеріс біраз болады. Бірак теңге бағамын 395-400 ден асырмау керек.
2. Мұнай бағасына байланысты болады. Мұнай бағасы бір апталар ішінде 40-45 долларға шығуы күтілуде. Себебі, 40тан төмен баға АҚШ, Ресей, Қазақстанға тиімді емес.
3. Ұлттық банк әрекетіне байланысты. Біраз долларды биржада сатса, қалыпты жағдай сақтауға болады.
4. Ресей Орталық банкімен бірге айырбастау бағамын келісімді дәрежеде ұстау шарт! 1 рубльді 5,5теңгеден түсірмеу керек.
5.Қарапайым халық айырбастауға жүгірмей, сабыр сақтаса жақсы болады» деген жазба қалды.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы «үкіметке халық алдындағы әлеуметтік міндеттерді толық орындауды» тапсырды және дағдарысқа қарсы жоспар түзетін жедел штаб құрды.

Өткен аптаның соңында Венада ОПЕК, Сауд Арабиясы және Ресей мұнай бағасын ұстап тұру үшін өндірісті азайтуға келіссөз жүргізген. Бірақ Венадағы жиында тараптар келісе алмады. Кремль ОПЕК ұсынысын қолдамады. Осыдан соң Сауд Арабиясы "баға соғысын" бастап, Азия үшін мұнай бағасын барреліне үш-төрт долларға, АҚШ үшін жеті долларға дейін түсіріп жіберді.

Дүйсенбіде Ресей рублі де 2016 жылғы рекордтық деңгейіне түсіп, бір доллар 72,72 рубль болды.  9 наурызда Brent маркалы мұнай барреліне 36 доллардан сатылып жатыр. 2014 жылғы сауда соғысы кезінде бұл бренд бағасы 30 долларға дейін құлдыраған. Мұнай бағасының түсуінен Ресейде бюджет дефициті болып, рубль арзандауы мүмкін.

  Рауан ІЛИЯСОВ, 

"Адырна" порталы 

Пікірлер
Редакция таңдауы