Жерді бір емес, екі Ай айналып жүр

2989
Adyrna.kz Telegram

Жерде екінші ай пайда болды. Бірақ ол өте кішкентай және ғұмыры ұзамауы да мүмкін
Халықаралық астрономиялық одақтың кіші планеталарды зерттеу орталығы сенсациялық мәлімдеме жасады: Жерде бір емес, екі табиғи спутник бар!

Түнде көшеге дүрбімен асықпаңыз: сіз әлі ештеңе көре алмайсыз. №2 Ай бұл - үлкен  метеорит немесе кіші астероидтың үлкендігі 2 метрден 3,5 метрге дейін.

Салыстыру үшін: Сіз білетін Айдың диаметрі 3474 км.

15 ақпанда, Аризонадағы Маунт-Леммон обсерваториясының астрономдары Теодор Прюн және Каспер Верчес аспанға кезекті сессиясын өткізу кезінде телескоптан бір беймәлім нысан  байқайды, деп хабарлайды Каспер Twitter-дегі парақшасында.

Келесі есептеулер көрсеткендей, CD3 ғарыштық денесі - бұл Күн жүйесінде мекендейтін миллионға жуық астероидтардың бірі, ол Жерді басып өтіп бара жатып, үш жыл бұрын тартылыс күшімен тұрақтап қалған. Ол Жерн шарын 47 тәулік ішінде толық айналып шығады.

Королдық Белфаст университетінің ғылыми қызметкері Григорий Федорец New Scientist-ке жаңа спутниктің біздің планетамызда мәңгі қалмайтынын айтты. Осы жылдың сәуір айында Жердің, Ай мен Күннің гравитациялық өрістерінің аралас әсері оны Жер орбитасынан шығып, ғарышқа оралуға мәжбүр етуі мүмкін дейді.

Осы себепті Шағын планеталарды зерттеу орталығы мини-айға ресми түрде Жердің спутнигі емес, уақытша түсірілген объект мәртебесін берді.

Осыған ұқсас оқиға 2006 жылғы қыркүйек - 2007 жылғы маусымда уақытша RH120 нысанымен болған болатын.

Сонымен қатар, төрт жыл бұрын ашылған 2016 HO3 астероиды Жерді шамамен жүз жыл бойы бірге айналып жүреді, бірақ ол Жер айналасында емес, Күн айналасында Жер орбитасына параллель орбитада жүреді. Оған дейінгі қашықтық - Жер мен Айдың арасындағы қашықтық 13,6 есе.

Би-Би-Си

Пікірлер