Дулат Ағәділдің жаназасынан қайтқандарды полиция ұстады

4706
Adyrna.kz Telegram

Дулат Ағеділдің жерлеуінен қайтқан адамдарды Нұр-Сұлтан қаласында полиция ұстаған. Бұл туралы vlast.kz жазады.

Полиция 7 адамды ұстаған. Басылым бұл деректі белсенді әрі ұсталғандардың бірі Бибігүл Тұяқованың әлеуметтік желіде жариялаған видеосына сүйене отырып жазады.

«Біз автозактамыз. Жеті адамбыз. Бәрімізді полицияға апара жатыр. Кейбір адамдардың ұялы телефонын алып қойды. Біз жерлеуден соң Талапкер ауылынан қалаға келгенбіз” деген Тұяқова.

Саяси белсенді Дулат Ағеділді үйінен азаматтық киім киген бір топ адам ұстап, көлікке отырғызып алып кеткен. Кейін ІІМ “белсенді жүрегі қысылып қайтыс болды” деп хабар таратты.

Дулат Ағеділді жерлеу бүгін, 27 ақпанда болды. Оған мыңға жуық адам қатысқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер