Ауруынан айығамын деп, алданғандар. Ақтөбеде халық емшісі 100 жүзге жуық адамды сан соқтырған

1591
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Ақтөбеде "халық емшісі" шипа іздеген халықты 23 миллион теңгеге сан соқтырған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бүгінде емшінің үстінен “Алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Емшіге үміт артқан халық бақсы әйел гипноз жасап, дем салғанын айтқан. Ем алғандар телефонды емшінің қолына бере салғанын айтып, сан соққанын кеш түсінген. Бақсы әйел керек сомаға несие рәсімдетіп, бар ақшаны санап алған.

“Несие алып берші деді. Менің де кредитім бар дедім. Содан маған ем жасады. Сол жерде басым ауырды. Сйөйтіп сол үйден кете алмай қалдым. Сондай сиқыр бар екен. Сол үйде қондым. Ертеңінде мені жетектеп банкке алып барды. Қасымда тұрып, несие рәсімдетіп, қолымды қойып, кассаның алдында тұрып ақшаның бәрін санап алды”, – дейді алданғандардың бірі Гүлзипаш Төремұратова.

Алаяқ адамдардан ең азы 1 миллион теңге несие алған көрінеді.

“Алғашында кішкентай сомадан бастайды. 457 мың теңге болды. Он күннен кейін келсең тағы да гипноз жасайды. Одан кейін ештеңе білмейсің. Мен “апа” деп қарсылық білдіргенде “Құдай тұр, қара, жолың болмайды, жолың жабылып қалады, 5 балаң бар” деп қорқытады”, – дейді көпбалалы ана.

Осылайша зардап шеккендердің саны жүзге жуықтаған. Басы дауға қалған әйелді полиция алып кеткен.

“Қылмыстық кодекстің 190-бабы бөлігіне сәйкес Ақтөбе қаласының тумасына қатысты үшінші қалалық полиция бөлімінің 16 арызданушының шағымы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деді Қалалық ПД бастығы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер