Ақмолалықтар Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды

3937
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 27 ақпан күні Ақмола облысы Талапкер ауылында екі күн бұрын Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қайтыс болған белсенді Дулат Ағаділді соңғы сапарға шығарып салды. Қарлы боранға қарамай жаназаға мыңнан астам адам жиналды. Олардың арасында әр өңірден келген қоғам белсенділері, саясаткерлер және журналистер болды.

Қаралы жаназаға жиналған жұрт Дулат Ағаділдің әділет үшін күрескен батыл азамат, көп балалы аналарға араша түскен күрескер болғанын айтып, оның өліміне билікті кінәлады.

Дулат Ағаділді Талапкер ауылының маңындағы зиратқа қойды.

Ақмола облысында белсендіні жерлеп жатқан кезде Қазақстанның  Алматы, Тараз, Ақтөбе қалаларында да қаралы жиын өтіп, белсендіні еске алды. Алматыда Республика алаңына жиналған 70-80 шақты адам Дулат Ағаділдің рухына құран бағыштап, сөз сөйледі. Көзіне жас алған адамдар да көп болды.

Ұларбек Дәлейұлы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер