Қару-жарақ ұрлаған лауазымды қызметкер ұсталды - ҰҚК

5073
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қару-жарақ ұрламақшы болғандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

 

Заңсыз айналымнан 3 "Калашников" автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-ден аcа патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлауды жүзеге асырған. Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды", - делінген комитеттің сайтында.

27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айрылды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер