Германияның Ханау қаласында болған атыстан ондаған адам көз жұмды

3513
Adyrna.kz Telegram

Германия полициясы Франкфуртқа жақын Ханау қаласында болған атыстан кемінде сегіз адам қаза болғанын, күштік құрылымдардың көлікпен қашқан қарулы күдіктілерді іздеп жатқанын хабарлады, деп жазады centralasian.org.

19 ақпанда түнде болған атысқа нақты не себеп болғаны айтылмайды. Арнайы жасақ өкілдері Ханау орталығындағы екі көшені қоршаған.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, шабуылдаушылар әуелі қаладағы екі қорқор барға (кальян бар) оқ атқан. Кейінірек орталық алаңдардың бірінде жүрген адамдарға шабуыл жасаған. Полиция қызметкерлері мен тікұшақтар екі аумақты да күзетіп жүр.

Полицияның 20 ақпанда түнде таратқан мәлімдемесінде оқиғаның шамамен түнгі сағат 22.00-де болғаны, сегіз адамның қаза болғаны айтылады. Одан соң тағы екі кісінің мәйіті табылғаны мәлім болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер