Қордайдағы қақтығыс: 90-қа жуық қылмыстық іс қозғалды

3503
Adyrna.kz Telegram

Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-қа жуық қылмыстық іс қозғалды, олардың 11-і - адам өлтіру дерегі бойынша. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде 100-ден аса адамнан жауап алынды, процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық қажетті процессуалдық дәлелдерді алған соң кінәлілер жауапкершілікке тартылады", - деді Қожаев.

"Қылмыстық істер өте көп, оған қоса, күнделікті тағы қосылып жатыр. Себебі қақтығысқа қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Бүгінде 90-қа жуық қылмыстық іс қозғалды", - деді ол.

Ведомство өкілі нақты қанша адамның ұсталғаны жайлы мәліметті кейінірек айтуға уәде берді.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер