Ассамблея 3 млрд-ты қайда жұмсайды?

3131
Adyrna.kz Telegram

Алғыс айту күнін бекер ойлап таппапты, оған 21,9 млн теңге жұмсалады екен.

«ЭтноFashion» деген фестиваль өткізуге 11,8 млн. теңге. «Көшбасшы бол!» деген жобаға 10 млн. теңге. Этникалық театрлардың республикалық фестивалін өткізуге 119 млн. теңге! Осылай кете береді.
Ерігіп, ән салып, би билеп жүргендерге судай ағып кетіп жатқан қайран қаражат!

Ассамблеяға жыл сайын 3 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінеді екен.

Бұған ассамблея атынан сайланып отырған 9 депутаттың айлығын, пәтерін т.б. да шығындарын қосыңыз. Әр ұлттан бір депутат деген бұдан былай болмауы керек. Олар осы мемлекеттің азаматы болса, ел қатарлы сайлансын. Бұдан былайғы депутаттардың барлығының қазақ тілін білуін талап етіп, ол талаптың сайлау туралы заңға да енгізілуін қолға алу керек.

Жалпы Ассамблея жасанды, қажетсіз, шығыны өте көп, ұлттардың біріктірудің орнына бірігуіне кедергі болып тұрған ұйым. Жабылуы тиіс. Не болса соған ақша шашып отыратын ұйымның қажеті жоқ.

Мен осындай мәліметтерді оқыған сайын «Депутаттар бюджетті қарап жатыр. Депутаттар бюджетті талқылап жатыр» – деп БАҚ-тан берілетін ақпараттар есіме түседі. Сонда нені қарап, нені талқылайды? Қаражаттың осылай жұмсалуының бәрін дұрыс деп ойлап, бекітіп бере ме?

dalanews.kz

Пікірлер