Масанчи ауылында болған жанжал салдарынан ұсталған 47 адамның 44-і босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кешегі ұсталғандардан 44-і босатылды", - деді премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Масанчи және Сортөбе ауылдарының ақсақалдарымен кездесуде.
Мұның алдында, Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында болған жаппай төбелес салдарынан полиция 47 адамды ұстағаны хабарланған. Сонымен қатар, екі аңшы мылтығы тәркіленген.