Қытайдағы коронавирус лабороториядан шыққан

9013
Adyrna.kz Telegram

Қытайдағы коронавирустың қайдан пайда болғаны белгілі болды.

Қытай мемлекеті SARS және Ebola ауруларын зерттейтін Ухан Ұлттық Биологиялық Лаборатория ашқан. Бұл институт 2015 жылы құрылысы басталып 2017 жылы қолданысқа берілген екен. Бұл лаборатория Қытайдағы ең үлкен вирус зерттейтін лаборатория екен. Қытай мемлекетінің айтуы бойынша әлемдік стандарттарға (BSL-4) сай келеді деп мәлімдеген.
2018 жылы қаңтарда АҚШ ғалымдары бұның өте қауыпты екенін, вирустардың таралып кетуі мүмкін екенін ескерткен болатын. Негізінде бұл институтта қауыпты вирустарды жануарларға егіп соны зерттейді екен. АҚШ ғалымдары бұның Жануардан адамға жұғуы мүмкін екендігін бірнеше жолы ескерткенбіз дейді.
2004 жылы SARS ауруы да Бейжиңдегі бір био лабораториядан таралған екен.
Ухан Ұлттық Биологиялық Лабораториясынан 20 мил қашықтықта Хунан теңіз өнімдері базары орналасқан. Вирус алдымен осы жерден табылған. Сосын адамға жұғып тез қарқынмен тарай бастаған. Дәл осы жерден басталған вирус бір неше күннің ішінде 10 шақты мемлекетке тарап үлгерген.
“Мен оларға айтқам, өз көрлеріңді өздерің қазып жатсыңдар деп”-дейді, Антони Фауси АҚШ аллергия және жұқпалы аурулар институтының директоры.
2003 жылы Қытайда SARS ауруы шыққан кезде АҚШ ғалымдары 20 айдың ішінде емін зерттеп тапқан екен.
Ал бұл жолы әлем ғалымдары бұл түрдегі вирустың әлемге таралып кетпеуі үшін оған қарсы вакцина егу керек дейді. Қазір ғалымдар соны зерттеп жатқан екен.

Жексен Тоқтарбай

Пікірлер