Алматыдағы қонақүйде болған қылмыс: жаңа деректер шықты

6307
Adyrna.kz Telegram

The Sun The Sun басылымы Алматыдағы InterContinental қонақ үйінде өзінің бір жарым жасар қызын өлтірген ұлыбританиялық ер адам Мохамед Баракаттың суретін жариялады.

Басылым оның 22 жастағы әйелі, Қазақстан азаматшасы, Алматы облысының тумасы Мадина есімді қызбен түскен суретін жариялаған.

The Sun мәліметінше, Мохамед Баракаттың адвокаты сотта іс "Адам өлімі" бабынан "Абайсызда кісі өлтіру" бабына ауыстырылуы керегін айтқан. Адвокаттың сөзінше, бір жарым жасар қыз әкесі оның үстіне абайсызда құлап, "денесімен басып қалғаннан кейін" қайтыс болған.

Егер сот бапты қайта қарастыратын болса, айыпталушы 15-20 жыл аралығына немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылудың орнына үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал қыздың анасы Мадинаның адвокатының айтуынша, оқиға кезінде қыздың анасы бөлмеде болмаған.

"Екеуі ұрсысып қалғаннан кейін ол дәлізге шығып кеткен. Ол күйеуі баланы әдейі не абайсызда өлтіргенін білмейді. Шешімді сараптама шығарады", - дейді адвокат Руслан Джанабаев.

Алматыда ер адам баланы қылғындырып өлтірген Адвокаттың сөзінше, Мадина күйеуімен байланыста, оны кез келген жағдайда түрмеге отырғызамын деп ойлап отырған жоқ. Алайда ол күйеуімен кездесе алмай отыр екен. Негізінен бас жарақаттарын алған қыз баланы құтқару мүмкін болмаған.

Еске салайық, оқиға 24 қазанда InterContinental қонақүйінде болған. Таңғы сағат 06:00-де фойеде әйелдің қатты айғайлап жылағаны естілген. Оның күйеуі баланы қылғындырып өлтірген.

Бас жарақаттарын алған қызды құтқару мүмкін болмаған. Күдікті - Лондонда туған 41 жастағы Мохамед Баракат, Hong Kong Air Cargo әуе компаниясының ұшқышы. Ол қамауға алынды.

Tengrinews.kz

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер