Шинжияңда коронавирус індетімен ауырған төртінші адам тіркелді

7044
Adyrna.kz Telegram

Қытай Орталық радио станциясының бүгін таратқан хабарында, Шинжияңда коронавирусымен ауырған төртінші адам тіркелгенін мәлімдеді.
Онда былай делінген; «Шинжияң автономиялы районның Денсаулық сақтау және саламаттық комитетінің жариялаған хабары - 25 қаңтар күні күні сағат түнгі 12:00-ден 24-ке дейін, Шинжияңнан жаңа типті айдарша вируспен жұғымдалған және бір адам байқалған. Қазірге дейін Шыңжаңдағы жаңа типті айдарша вирусымен жұғымдалған өкпе қабыну індетіне дураш болғандар 4 адамға жетті. Мұның үшеуі Үрімжі қаласында, біреуі Іле қазақ автономиялы облысында, өлім-жітім жағдайы жоқ. Шинжияңнан қазірге дейін табылған, жаңа типті айдарша вирусымен жұғымдалғандарға жанасқандар 85 адам. Бұлар түгелдей медициналық бақылауда» делінген.

Қытай билігі бірнеше апта ішінде осы қалада коронавирус індетін жұқтырғандарға арналған 1 300 орындық жаңа аурухана салып бітірмек. Одан кейін бір-екі аптадан соң тағы осындай екінші жаңа аурухана пайдалануға беріледі. Қытайдың көп қаласында сенбі күні басталған  қытайлық жаңа жылға байланысты жоспарланған  шараларды өткізуге тыйым салынған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер