Жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

773

Алдын ала мәлімет бойынша, Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер мен қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Түркия тарапы берген алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер арасында ҚР азаматтары тіркелген жоқ", - делінген СІМ хабарламасында. Айта кетейік, 2019 жылы 24 қаңтарда Түркияның шығысында магнитудасы 6,8 балдық жер жілкінісі болған. Оның эпицентрі Элязыг провинциясында. Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісі салдарынан қаза болғандардың саны 20 адамға дейін өскен және 1015 адам жарақат алған.

Пікірлер
Редакция таңдауы