Түркияның шығысында жойқын жер сілкінісі болды

2932
Adyrna.kz Telegram

Оқиға салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды, деп хабарлайды BBC.

Магнитудасы 6,8 балл болатын жер сілкінісінің эпицентрі Элязыг провинциясында Сивридже қаласының ауданында 6,7 км тереңдікте болды.

Элязыгтегі жер сілкінісі салдарынан қаза болғандардың саны 18 адам, жарақат алғандар саны 405 адамға дейін өсті. Біз қираған ғимарат астында қалып қойған 30 адамды құтқару үшін бар күшімізді саламыз, - деді Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу.

Жер сілкінісі шамамен 20:55-те болып, 15 секундқа созылды. Кайталанған сілкініс магнитудасы 5,4-3,3 балл болды.

Элязыг пен Малатья провинциясына 170 қосымша жедел жәрдем көлігі мен медициналық тікұшақтар жіберілді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа.

Зардап шеккен аудандарға азық-түлік, дәрі-дәрмек, көрпе және палаткалар тиелген жүздеген жүк көлігі жіберілді. Түнде температура 0-ден төмен түседі. Онда сондай-ақ іздестіру-құтқару жасақтары мен дәрігерлер жіберіледі.

Жер асты дүмпулері Сирияда, Ливанда және Иранда да сезілді.

Пікірлер