ҚР ҰҚК Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғады

4635
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды ҰҚК нің баспасөз қызметі.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 362-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Осы кезеңде тергеу мүддесіне орай толық деректер жариялануға жатпайды»,- делінген хабарламада.  "

Бүгін таңертең Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет әкімнің ұсталғанын жоққа шығарған болатын. Баспасөз хатшысының айтуынша, әкім өз орнында. Бірақ, дәл қазір басқа жақта жүр деген болатын.

Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер