Украина ұшағын атып түсірді ме?

3481
Adyrna.kz Telegram

8 қаңтар күні Украина халықаралық әуе компаниясының лайнері Тегеран әуежайынан ұшып шыққаннан кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады. PS 752 рейсі Киевке бет алған болатын. 176 адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың ішінде - 11 украиндық (экипаждың тоғыз мүшесі және екі жолаушы), 82 Иран азаматы, 63 - Канада, 10 - Швеция, төртеуі - Ауғанстан, үшеуі - Германия, үшеуі - Ұлыбритания азаматтары болған. МАУ қайтыс болған қызметкерлердің ресми тізімін жариялады: үш ұшқыш (Гапоненко Владимир Иванович, Наумкин Алексей Евгеньевич, Хоменко Сергей Анатольевич) және алты бортсерік (Овчарук Валерия Евгеньевна, Лихно Денис Михайлович, Мититюк Мария Михайловна, Статник Екатерина Олеговна, Николаевна Николаевна, Сологуба Юлия Игорь Валерьевич). Жолаушылардың есімдері: Алена Малахова және Ольга Кобюк.

Осылардың ішіндегі бортсерік Статник Екатерина туыстарына хабарласып, өздерін атып түсіргенін айтып үлгерген екен. Бұл туралы украиналық niknews.mk.ua хабарлады.

Журналистердің анықтауы бойынша, ол Херсон өлкесіндегі Жаңа Каховка ауылында туған. «ТВ» редакциясы сенімді ақпарат көздері арқылы Екатеринаның апат болған уақытта туыстарына қоңырау шалып, оларды атып түсіргенін айтып үлгергенін анықтайды. Екатерина асығыс шала-шарпы айтып жатқанда байланыс үзілген.

Ұшақты атыс қаруынан атқан деп болжауға болады, нәтижесінде моторы өртеніп, артынан жарылған.

Жаңа Каховкадағы №8 орта мектебінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында "Катя Статник - бұл біздің 2009 жылғы түлегіміз. Бұл әдемі, күлімсіреген қызды бәрі еске алады. Ол мұндай қысқа өмірге және мұндай қорқынышты өлімге лайық емес еді », - деп жазып жатыр.

Украиналық журналистердің ақпаратын Tengrinews.kz сайты да қолданған. Бірақ, қысқа ғана тоқталған.

 

Ұшақтың атып түсірілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап іздегенде ресми Тегеранның ұшақтың қара жәшігін АҚШ-қа беруден бас тартуы, бұл күдікті қоюлата түседі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер