Даланы күзеткен тас жауынгерлер...

5545
Adyrna.kz Telegram

Оларды әрқалай атайды. Ежелгі көнетүрік атауы - «бәдіз» («badiz»), кейбір аудандарда – «мүсін» («musin»), бірақ ең танымалы – балбалтас. Қасиетті Моңғол өзені Орхоннан Каспийге дейін бұл тасты батырларды, жауынгерлер мен алыптарды кездестеруге болады. Саясаттанушы Ерлан Қарин бес жыл бойы әр елде – Монғолия, Ресей, Қырғызстан, Қытайда балбалдарды зерттеумен айналысқан.Жапон бірлестігі Mitsubishi Corporation-ның қолдауының арқасында бұл зерттеушілікке арнаған фотоальбом шығарған болатын. Voxpopuli.kz сайтымен автор кадрлармен, тасты қарауылдардың және өзінің саяхатының тарихымен бөлісті.

Біздің саяхатымыз Монғолияда, көшпенділердің ұлы тарихының қайнары болған қасиетті Орхон өзенінен басталды.

Ғалымдардың пікірінше, жергілікті тасты тас мүсіндері – балбалдар – дала қағандарының билігі, әскери-саяси құрылғы мен сол кездердегі қатал дәстүрлерге куәлік етеді.

Балбалдарды қайтыс болған қағандар, ханзадалар, сұлтандар мен батырлардың құрметіне салған болатын. Көркемөнерлік құндылығына сәйкес мүсінде бейнеленген адамның шыққан қауымын білуге болады.

Зиялы, қағанға сәйкес фигуралар аяғын айқастыра отырады немесе оң қолында тостаған ұстап, тұрып тұрады.

Күні бүгінге дейін сақталып келген Монғолияның ірі және танымал мемориалдық комплекстерінің бірі Белге-қағанға арналған. Комплекс Орхонның сол жақ бөлігінде, Ұлан-Батордан 400 км қашықтықта орналасқан.

Балбалдарды 2 топқа бөлуге болады: VI–VIII ғасырлардағы көне түрік тасты мүсіндер мен IX–XIV ғасырлардағы қыпшақ мүсіндері.

Қыпшақтардың дәуірінен тасты мүсіндер Солтүстік Кавказда, Ресейде, Украинада және арқы қарай батысқа қарай – Дунайға дейін таралған болатын.

Батысқа жақындау барысында және уақыт ағымына сәйкес мүсіндердің формасы да өзгерді.

Бүгінгі қабір үстіндегі ескерткіштер – құлпытас, Қазақстанның батысында таралған, - балбалдар дәстүрінің жалғасы. Бірақ олардан исламның әсері де анық байқалады.

Түрік халқының алтын бесігі – Алтай. Алтай тауларымен төрт ел шекаралас – Ресей, Қазақстан, Монғолия және Қытай, бірақ барлық төрт жақта қазақтар тұрады.

Сонымен қатар, дәл осында алғашқы көне түрік мемлекеттік білім – қағанаттар, алғашқы түрік жазбашасы – орхон-енесейлік руналық хаттар пайда болды.

Қосағаш ауылы – Ресейдегі ірі қазақ ауылдарының бірі. Мұнда келе, басқа елге келгендей сезінбейсің. Келер бетте «Қош келдіңіз!», ал дүкен маңдайша жазуларында қазақ есімдері мен атаулары жазылған: «Сәуле», «Айсәуле», «Астана». 1993 жылы бұл ауданның төңірегінде Ұқық қорғанында екі жарым мың жыл бұрын тұрған бальзамдалған пазырлық ханшайым табылды. Олжаның арқасында аудан бүткіл елге танымал болды.

Алтайдағы балбалдар.

Алтайдың Қытайлық бөлігінде көне түрік тарихтық бай мұрасы орналасқан.

Жергілікті ақсақалдар алып тасты жауынгерлерді құрметпен «тасты-батырлар» деп атайды. Дегенмен жергілікті өлкетанушылар кәсіпкерліктің және мал шаруашылығының дамуына орай тасты мүсіндердің сақталуы туралы қауіптенеді.

Тасты ескерткіштер көрші Қырғызстанда Ыстық көлдің жағалауында, Шу мен Талас өзененің жағаларында орналасқан.

Тоқмақ қаласының оңтүстігіне қарай 12 км жерде 80 көнетүрік балбалдар жинақталған танымал археологоиялық кешен – Боран орналасқан.

Шыңғыстау тауындағы тасты мүсіндеу. Ғалымдардың пікірінше, көпшілік мүсіндеулер қабырлердің үстінде ірі тастар – бұғытастар қойылған кезеңдерге жатады.

Кейінірек бет-әлпеттің мүсіндеуі пайда бола, олар балбалдарға айналды.

Қазақстанның солтүстігіндегі көптеген ескерткіштер тың жерлерді игеру кезінде бұзылған болатын.

Мүсіндеулер сақталған аз жерлердің бірі – Павлодар облысының Баянауыл ауданы.

Ақмола облысының Ерементау ауданында табылған Құмай кешені ғалымдар үшін құнды олжа болды.

Бірақ 2009 жылы астаналық археолог балбалды қазып алып, оны астаналық мұражайға сатқан болатын. Тек БАҚ-ның талқылауларынан кейін балбалды қайта кешенге қайтарды.

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында табылған балбалдар.

Көне түрік дәуірінің ең құнды мұраларының бірі Жамбыл облысындағы Шу-Жайсандық діни ғибадатхана болып табылады.

Бұл кешендегі көпшілік ескерткіштер VIII ғасырға жатады.

Кешенді зерттеген археолог Айман Досымбаеваның пікірінше, жайсандық тарихи ескерткіштерді жасау стильі Орталық Азияда түрік тайпаларымен белсенді мәдени айырбас болғандығын көрсетеді.

Мерке-Мыңбұлақ кешені Қырғыз Алатауының батыс бөлігінде, Жамбыл облысының ауданында, Мерке өзінің жоғарғы бастауында, 2700-3600 биіктікте орналасқан.

Сондықтан Аралтөбе, Белсаз, Сандық, Сұлусай, Сұлысай, Қарасайда орналасқан көне түрік қабірлеріне асуда қар еріп, жол ашық болғанда, жаздың ортасында барған болатынбыз,

Меркідегі кесенеде ер азамат бейнелеуінің жанында әйел адамдарының мүсіндері орналасқан. Кейбір деректерге сәйкес, Меркідегі 64 мүсіннен 31-і әйелді бейнелейді.

Маңғыстау тоғыз жолдың қиылысуында орналасқан және жүздеген жылдар бойы онымен түрлі түрік халқы батысқа, шығысқа өткен болатын.

Ежелгі жылдардан бастап жергілікті тұрғындар әртүрлі елдермен қатынаста болған, тасты мәдениетінің болмысында басқа стильдің жанасуы байқалады.

Байте кешенінде табылған екі метр биіктіктегі тасты мүсінде Алтай, Жетісу, Шу және Таластағы бейнелердей қырлар байқалады.

Бет-әлпеттері перстар мен гректерге, Еуропа елінің жұртына ұқсастығы Шығыс пен Бастыстың мәдени қарым-қатынасы жайлы айтады.

Жобаның, барлық сапарлар мен ғалымдармен ұзақ жұмыстың басты мақсаты – тарихи-мәдени ескерткіштер, балбалдардың сақталуына назар аудару болып табылады.

Қырда орналасқан тасты мүсіндеулердің саны өкінішке орай, жылдан жылға азаюда. Олардың көпшілігі ұрланған, бұзылған және жойылған.

 

Пікірлер