Бесікке салу

6799
Adyrna.kz Telegram

Бесікке салу (салт).

Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

(Бесік жыры)

Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады:

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің?

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,

Сөзіңді жұрт мақұлдап,

Шешен болар ма екенсің?

Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол аяғы түзу, ширақ болады. Сондай-ақ бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан да қорғайды. Пәле-жаладан сақтасын деп ырымдап, оған тұмар, бүркіт тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі сияқты заттар тағып қояды.

Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Себебі тал басқа ағаштай емес иілмелі, морт сынбайды, құрт түспейді, жат иісі болмайды. Бесіктің мынадай құрал-жабдықтары болады: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолдау, тартпа бау т.б.


 

Пікірлер