Шу ауданы дамудың даңғыл жолына түсті (Фоторепортаж)

4147

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданының экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіші жоғары. Себебі күре жолдың бойындағы темір жол аудан тұрғындарының екі қолға бір күрек табуға мүмкіндік беріп отыр. Оның үстіне ауданда құрылған «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы өңірдің дамуына өң беруде. Бір сөзбен айтқанда, Шу ауданының кәсіп бастап, жұмыс жүргізуге қолайлы болып отыр.

       

Шу ауданында тәулігіне 3000 литр мақсары майын өндіретін зауыт табысты еңбек етуде. 2011 жылы жұмысынн басталған «Kaz-Ir AGRO» ЖШС-де шет елге өз өнімін өткізіп жатыр.

       

Шу ауданы Бөлтірік шешен ауылының тұрғыны Диас Қанафин жастар  жылы жарияланған грантқа қатысып, 1 млн. 200 мың теңге ұтып алған. Аталған қаржыға жылыжай салып, саңырауқұлақ өсіруді көздеп отыр. 120 шаршы метр болатын жылыжайды мамыр айында іске қосатынын айтады.

       

Наурызбек Ахметов жастар жылына орай «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына жобасын ұсынып, 2 млн. 500 мың теңге ұтқан. Оған ауданы 250 шаршы метр болатын жылыжай салып, бір азаматтты жұмыспен қамтып отыр. Жылыжайда көк пияз, салат жапырақтары мен укроп өнімдерін жаңа жылға дейін өткізіп, қияр өсіруге кірісетінін айтады.

       

Шу қаласында Макарон өнімдерін шығаруға арналған элеватордың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.  Құрылыс жұмыстары аяқталса ауданның ондаған тұрғынын жұмыспен қамтып, өнімін еліміздің барлық аймағында сатуға мүмкіндік туады.

    

Осы жерге «Qazsugar» ЖШС жалпы құны 200 миллион еуроны құрайтын қант зауытының құрылысы бастап отыр.  Аталмыш серіктестіктің директоры Аман Аяғановтың айтуынша, зауыттың құрылыс жұмыстары 2022 жылдың төртінші тоқсанында толық аяқталмақ. Қант зауыты «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағына кірген.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket