Жүк тасымалдаушыларға көлік заңнамалары түсіндірілді

3180
Adyrna.kz Telegram

 

​ ​ ​ ​ ​ 2019 жылдың 20 қараша күні Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау Инспекциясы қала аумағында «Адалдық алаңы» аясында, «Жолда қабылдау» ​ акциясын өткізді.

​ ​ ​ ​ ​ Аталған шараға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің өкілдері және Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының мамандары мен жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне заңнамадағы көрсетілген ереже-талаптар мен автоматтандырылған өлшеу құралының жаңа жүйесін түсіндірді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Акцияның негізгі мақсаты – жеке және заңды тұлғаларға көлік құралдарын пайдалану тәртібі мен автокөлік жүргізушілеріне құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын кеңінен түсіндіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Шара барысында жиырмаға жуық көлік жүргізушілері тоқтатылып, халық арасындағы байланысты нығайту және сенімділікті қалыптастыру, қоғам мен билік арасында әңгімелесу алаңын кеңейту, мемлекеттік құрылым қызметіне қоғамдық бақылауды арттыруға бағытталған көлік заңнамаларының талаптарын орындау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер