Тәңіршілдікті насихаттауға неге Қытай мен Ресей мүдделі? IV

8161
Adyrna.kz Telegram

Тәңіршіл қалмақтар мен қазақтар туыс халық па?

Тарих бойынша ұзақ жылдар бойы қазақтармен жауласып соғысқан қалмақтардың наным- сенімі буддизммен астасқан тәңіршілдік шаманизм екені бәріне белгілі.
Саясаттанушы Әзімбай Ғали әлеуметтік желідегі парақшасында  «қазақтың құрамында жоңғардың қаны бар» деген пікір білдіріпті. Қазақтың құрамында жоңғардың қаны бар. Найманның ішінде және басқа да қазақтың тайпалары мен руларында жоңғар компоненті аз емес, ал кейбір өлкелерде өте көп.
Тарихи шындық үшін бұл сырды ашатын кез келді.
Тағы бір жағдайларда жоңғарлар қазақ ішіне ру болып қосылғаны жайлы деректер кездеседі.Олар қазақ батырларының протекциясын алған. Олар кейін номиналды түрде ислам дінін қабылдаған, кейін қазақтанған.
Мәселен, қазіргі Жетісуда-Сарқан, Қарасай, Қаскелен аудандарында қалмақ- жоңғарлар ауылдары ұшырасқан. Олардың бір бөлігі христиан дінін қабылдап, казачество құрамына да кірген.
Ең көп қалмақ сіңген — қырғыз өлкелері. Менің ағам, белгілі ғалым Сәкен Дәрженов марқұм айтушы еді: «Менің тегім қалмақ» деп. Қырғыз ішінде қырғызданған қалмақтар тегін жасырмайды. Бір кезде олардың бір тобы тіпті қырғыздарға өкпелеп, Ресейдің Қалмақ өлкесіне көшпек болған. Қазақ қалмақпен көп соғысқан, сонымен бірге анда-құдалық қатынастар да аз болмаған. Хақназар ханның кезінде қалмақ хандығы қазаққа бодан болған. Себебі үш-төрт ғасыр тек соғысу, соғыс жағдайы тым ұзақ болу мүмкін емес нәрсе дейді Әзімбай ағамыз.Қазақстан ақпарат құралдарында қалмақ пен қазақты туыс халық қылып көрсетудің соңғы кезде белең алған тенденциясы байқалады. Мысалы, Геройхан Қыстаубаев деген азамат әлеуметтік желіде "Мен жоңғар, қалмақты жаман дегендерге қарсымын. Қазақ пен қалмақ қанының 90% бірдей. Бұл не? Бұл - қазақ пен қалмақ бір десе болады. Дегенде де, олар қазіргі лек легімен арамызға сіңіп кеткен, келімсек өзге ұлт өкілдерімен шатасып үлгерген біздерге қарағанда, баяғы Көк түріктерге бізден жақын қайта.
Қалмақты жаман көрсету - сол сіңбелер мен қызыл өкімет идеологиясы. Тарихтың соларға ыңғайлы жағында жазылу салдары.
Қазақ қай күні қалмақты шын жек көрді, сол күннен бастап теріс "даму" жолына түсті. Қазақ ата тамырына қайта ораламын десе, қалмақ деген өзінің "ата" жауын ақтап алуы тиіс!
Бүгінгі билік басында бірде бір қалмақ жоқ! Назарбаевты қалмақ деп жүрген ел аузындағы сөз - өтірік!" –деген пікірге қарсы қоғам қайраткері, принципшіл демократ Жасарал Қуанышалин ағамыз былай деп жауап берген еді:
Геройхан Қыстаубаевтың күтпеген жерден айды аспаннан бір-ақ шығарып, мынадай таңғажайып «жаңалық» ашуына байланысты менің төмендегідей пікір айтқаннан басқа еш амалым қалмады.
Қазақ пен жоңғар-қалмақтың "туыстығы" ("қазақ пен қалмақ бір"-міс) туралы мынадай қияли пікір айтып, мүлде қуып кету үшін сен, Геройхан, қанша уақыт ойландың? Мұны неге сүйеніп жаздың?
Сонда, сеніңше, бір жарым ғасырға созылған, яғни, қашан жоңғарларды – ұлт, Жоңғарияны – мемлекет ретінде 18-ші ғасырдың екінші жартысында Қытай әскерлері қазақтармен бірлесе отырып жойып жібергенше жалғасқан, шын мәнінде айқын геноцидтік (қазақша айтқанда – зұлматтық) сипатқа ие болып, 1,5 миллион қазақты жалмап кеткен, жан түршігерлік «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіретін дүниеге әкелген, адамның сай-сүйегін сырқырататын «Елім-ай!» әнінің шығарылуына себеп болған қанқұйлы Қазақ-жоңғар соғысы тарихта болмаған екен! Сол соғыста жүздеген мың қазақ сарбаздары мен қолбасшыларының туған елі мен жері үшін жан аямай шайқасып, ерлікпен қаза болғаны да өтірік екен! Біздің ата-бабаларымыз сол жаугершілік қара түнек замандағы ата жаулары жөнінде «Атаңа нәлет, ит қалмақ!» деп күңірене отырып шығарған қаншама жыр-дастандар да ойдан құрастырылған екен! Бұл соғысқа қатысты жарыққа шыққан көптеген ғылыми, әдеби, публицистикалық еңбектер де түкке тұрмайтын «макулатура» екен!
Біріншіден, сенің еш ақылға сыймайтын, дені дұрыс еш те бір қазақтың ауызынан шығуы мүмкін емес бұл сандырағыңды оқыған кезде менің есіме дереу Назарбаевтың осыдан 12 жыл бұрын, дәлірек айтсақ – 2005 жылдың 24 тамызы күні тікелей телеэфир арқылы барша әлемге «Қазақта ешқашан шекара да, мемлекеттілік те болмаған» деп сандырақтаған, яғни, бүкіл қазақ тарихын белінен бір-ақ сызған масқара мәлімдемесі түсті. Осыған орай еріксіз ойға қалдым: ол екеуіңнің араңдағы мұндай таң қаларлық үндестікті немен түсіндіруге болады? Бәлкім, сенің «Назарбаевты қалмақ деп жүрген ел аузындағы сөз – өтірік!» деп кесіп айтуың, сөйтіп, аяқ астынан оған «адвокат» болып шыға келуің де бекер емес шығар? Әйтпесе, Асан-Ата Кәрішал ағамыздың (марқұм иманды болсын!) осыдан он жыл бұрын жарық көрген ұлтымыздың хас батыры Жұмабек Тәшенев туралы «Шынжардағы жолбарыс» атты кітабында «Назарбаев – жоңғар» деген және күні бүгінге дейін ешкім теріске шығармаған жария сөзін қайда қоямыз?
Екіншіден, мейлі тіпті ол ағамыз бұл жөнінде ештеңе «айтпады» делік, бірақ сен Назарбаевтың 25 жыл бойы қазаққа қарсы жүргізіп келе жатқан қылмысты «жоңғари» саясатын көрмей, білмей жүр ме едің? Басқасын айтпағанда, бүкіл қазақ атаулы қауымның неше жылдан бері аза бойын қаза қылып, «өз» өкіметімен толассыз күресуге мәжбүр етіп келе жатқан, еш те бір қазақ жүргізуі мүмкін емес халыққа қарсы жер саясаты – Назарбаевтың саясаты екенін көрмей, білмей жүр ме едің? Ендеше, соншама жыл саясатқа араласқанда, сен жалпы нені көріп, нені біліп жүрсің?
Үшіншіден, сенің қазақ пен жоңғар-қалмақты «бір халық» етіп қойған мына былшылбайыңа қарағанда, бұл екі халық арасындағы жер мен көктей, бір-біріне «он қайнаса сорпасы қосылмайтын» тілдік, діндік және басқа принципті айырмашылықтарды да көрмейтін, білмейтін болдың ғой! Сен қалмақпен сөйлесіп, оның тілін сәл де болса түсінген кезің болды ма? Сені қайдам, ал мен сөйлесіп көргем. Көргем де, бір сөзін түсінбей, онымен түсінісу үшін орыс тіліне көшуге мәжбүр болғам. Сен олардың «діні» біздің дініміз – Исламмен мүлде қабыспайтын Буддизмнің ең жабайы тармағы – Ламаизм екенін, ал ол «діннің» тәртібі бойынша, басқа рәсімдерін былай қойғанда, өлгендерін айдалаға апарып, мал сойғаннан бетер бұтарлап, ит пен құсқа жемтік ететінін білесің бе? Айта берсе, мұсылман қазақтың өңі түгіл, түсіне де кірмейтін мүндай масқара айырмашылықтардың әлі талайын келтіруге болады. Міне, сенің емешегің үзіле жақсы көретін «бір туған бауырларыңның» сиықтары...Одан қалса Назарбаевтың теледидардан:
«И потом, казахи поклоняются духам предков. Аруақ. А Коран говорит, что поклоняются только Аллаху. Никаких духов. Но мы, зная семь поколений своих предков, мы духам предков поклоняемся. Я не вижу в этом ничего страшного».
Назарбаев: «Мы – Страна Великой Степи. Ұлы Даланың баласымыз біз. Великая Степь, Вечное Синее Небо – наши спутники, наши предки жили под этими осенями (қанша рет қайтара тыңдасам да, осылай естілетін бұл сөздің не сөз екенін анық айыра алмадым). Тәңір, Тенгри – это Небо. От света, зелени Великой Степи и Синего Неба в смеси родился цвет нашего флага. Мы дети Великой Степи, не просто номады. И вот под этими лозунгами, новым брендом мы должны показаться миру новым Казахстаном»-деген сөздеріне байланысты , менің дәл қазір өзім үшін анықтап алғаным мынадай үш ақиқат: біріншіден, Назарбаевтың «үш теректің» – мұсылмандық, атеизм және «тәңіршілдік» – арасында адасып жүргендігі, екіншіден, өзінің аруақтарды СЫЙЛАУ, ҚҰРМЕТТЕУ мен оларға... ТАБЫНУДЫҢ айырмашылығын ұғына алмаған надандығын көпшілік арасында президенттік беделі мен жоғары мінберлер арқылы таратып отырғандығы, үшіншіден, мұсылман қазақ үшін «Тәңір» сөзінің, «Құдай», «Жаратушы Ием» және тағы басқа атаулар тәрізді, «Алла» сөзінің синонимі екенін білмеуі!
Міне, өзінің жоғары мәртебелі лауазымына сәйкес қалың бұқараға қай жағынан да, соның ішінде, әсіресе, адам баласы үшін маңыздылығы өлшеусіз зор ДІН мәселесінде де ҮЛГІ болуға тиіс біздің «елбасымыздың» адам аярлық сиқы! Сонымен қатар "Мәңгілік Ел" деп аталатын монархиялық жоба тек "тәңіршілдердің" ғана басына келуі мүмкін, ал бір Жаратушыға сенушілер ешқашан олай айтуы мүмкін емес .Ол жолдауда айтылған біз көктегі Тәңірге сиынған елміз. Бүгінгі Қазақстан жалауының ортасында күннің жарқырап тұруы да тәңіршілдіктің киелі белгісі. Елтаңбамызда да тәңіршілдік белгісінің наным-сенімі бейнеленген. Бүгінде «Мәңгілік ел боламыз» деген идеяның түп-тамыры да тәңіршілдіктен тараған. Қорқыт бабаның өлімнен қашып, мәңгілік өмірді іздеуі де сол мәңгілік ел идеясымен үндеседі деген жалған идеяның авторы Назарбаев екені белгілі, әрине.
Осыған орай мен 2014 жылдың 18 қаңтары күні Фейсбукте осы тақырыпқа байланысты болған пікірталаста өзімнің мынадай пікірімді жариялаған болатынмын:
"Біріншіден, мен, әрине, біздің Отанымыздың мәңгілік болуына қарсы емеспін, алайда бұ дүниеде өзгермейтін, мәңгілік тек бір Алла ғана екенін әр мұсылман баласы біледі. Қалғанының бәрі, тарихтағы көптеген елдер мен, тіпті, империялар тәрізді, жойылып кетпесе де, өзгеріп тұрады. Мәселен, өз тарихымызды алсақ – ғұндар, сақтар, басқа да тайпалық одақтар, Көне Түрік қағанаты, одан кейінгі хандықтар, Шыңғыс хан империясы, Алтын Орда, одан шыққан түрік мемлекеттері, ішінде Қазақ хандығы да бар, одан бергі Ресей отаршылдығы, Қазақ КСР, қазіргі Қазақстан Республикасы.
Қысқасы, Геройхан, менің саған айтарым: егер сенің ұлтшылдығың осы болса, қазақты ондай «ұлтшылдықтан» бір Аллам сақтасын!-деп қатқыл түрде жауап берген Жасарал ағамыздың жанайқайына себепші елімізге қауіп төндірген, тәңіршіл – қытайшыл топтар еді.Қытайдың Орта Азиядағы мәдени-экономикалық экспансиясына анау Қалмақ президенті Кирсан Илюмжановтың тәңіршілдік-шамандық нанымды толықтай қолдаймын және қалмақ,ойрат,моңғолдың түпкі тегі-қытай деген сөздері де дәлел және арқау болады.
Сонымен қатар тиран Шыңғысханға(патша-хандарға ) құлдық ұрып, патша Құдайдың жердегі көлеңкесі деген монархиялық түсінікті халық санасы мен жадына қалыптастырған шиғалық сенімнің белді өкілі диуана-миссионер қожа Ахмет Яссауидің шәкірттері деген мәліметтер бар. Оған дәлел ретінде Зікірия Жандарбек былай дейді:
Осы бір ауыр кезеңде Қожа Ахмет Йасауи шәкірттерінің Шыңғыс хан жағында болуы бұл соғыстың басты себебі Шыңғыс ханның соғыс құмарлығында, қан құмарлығында емес, одан тереңіректе екендігін көрсетеді. Мысалы, Қожа Ахмет Йасауидің белді шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышманд Зарнуқидың Шыңғыс ханға қызмет етуі, Шыңғыс әскері мен Зарнұқ қаласы арасында елші болып, қала халқын қарсыласпай берілуге көндіруді, Шыңғыс ханның ол қалаға "Құтылғ балығ" деп ат беруі, соның айқын дәлелі.
Ал, Сығанақ қаласына жіберілген елшілікті Шыңғыс хан қарамағында саудагер болып қызмет атқарған Хусейн Қожа бастап барады. Ол Сығанақ халқын Шыңғыс хан әскеріне қарсыласпай берілуге үгіттейді. Бірақ халық оны тыңдамай өлтіреді. Осы үшін моңғолдар қала халқын түгелімен қырады. Сол өңірдің билігін Хусейн Қожа ұлына тапсырады. Соғыс болған жерде аяушылық болмайтыны тағы белгілі. Ол үшін Шыңғыс ханды жазғыру әбестік деп сөзін аяқтайды. Сопылықтағы тәңіршілдік нанымның пантеистік ритуалдарының әлі күнге дейін синкреттік формада сақталғаны өз алдына,ең қызығы мен парадокс елімізде сәләфилер(уахабилер) деп жүрген ригористік-кертартпа топта тәңірші қытайшылдар сияқты "Аспан" культін ұлықтайды.Олар өз діни сенімдерінде,яғни ақидада Жаратушыны ( антроморфизм) аспанда аршының(трон) үстінде тұр деп біледі.

Жалғасы бар...

Автордың пікірі редакция көзқарасын білдірмейді

Тұрарбек Құсайынов,

"Демос" ҚБ төрағасы

Пікірлер