"Сутенер-Бабай "және "педофил-қасқыр". Ағаш Мәншүк Мәметовадан басқа тағы қандай мүсіндер қазақстандықтарды таң қалдырды

441


Мүсін Мәншүк Мәметова. Сурет Beigenews.kz

Жақында Семейдегі (Шығыс Қазақстан облысы) Жеңіс алаңында аты аңызға айналған  пулеметші Мәншүк Мәметованың ағаш мүсіні пайда болды. Мүсін ол жерде ұзақ тұрақтамады. Жергілікті билік Совет Одағының Батыры өзінен гөрі Баба Ягаға ұқсайды деген тұрғындардың сынына байланысты алып тастады.


Иван Куртуковтың жұмысы. Сурет Beigenews.kz

Мүсіннің авторлары, Алтай қаласының (бұрынғы Зыряновск) ағаш шеберлері Иван Куртуков пен оның әйелі Юлия сынға келіспеді. «Менің ойымша, негативті көзқарасты қалыптастыруға тырысатындар, қолынан ештеңе келмейтін адамдар», - деді Юия. Алайда Baigenews журналистері оның күйеуі Иванның  жақында ғана адамдардың мүсіндерімен жұмыс істей бастағанын, оған дейін көбінесе ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін ойып, жасағанын анықтады. Осы жылдың мамыр айында туған ауылына жауынгердің мүсінін сыйлаған Иван бірінші рет адамның мүсінін қиғанын, пропорцияны сақтауда қиындықтарға тап болғанын мойындады.


«Ана мен бала». Суреттер Tengrinews.kz

Осы жылдың басында Алматыдағы перзентханалардың бірінің жанында «Ана мен бала» композициясы қызу талқыланды. Пікірлерде әлеуметтік медиа пайдаланушылары баланы Доббимен (Гарри Поттер кітаптарындағы кейіпкер) және қорқынышты фильм кейіпкерлерімен салыстырды.


«№ 0027 нысан». Сурет Tengrinews.kz

Өткен күзде Қазақстан астанасындағы «Жастар» сарайының алдында «№ 0027 нысан» қондырғысы орнатылды. Шымкенттік суретші Сырлыбек Бекботаевтың туындысы Astana Art Show 2018 көрмесінің аясында пайда болды. Оны көргендер тек бір ғана сұрақ қойды: «Бұл не туралы?» Автор бұған жауап берген жоқ. «Адамдар көбінесе сипаттаманы іздейді. Мүмкін біз жалқаумыз, мүмкін бізге барлығын түсіндіруге үйреніп қалған шығармыз », - деп жазды ол көрерменге еркін ойлауға мүмкіндік бергенін.


Купальниктердегі әйелдер. «Алматы туралы» Facebook қауымдастығынан алынған сурет

Бұдан біраз уақыт бұрын, 2018 жылдың жазында, әлеуметтік желілердің қолданушылары Алматы қаласының орталық көшелерінің бірінде орнатылған купальниктердегі әйелдердің мүсіндеріне наразылық білдірді.Бұған жұмсалған ақша «пайдалы нәрселерге» жұмсалуы керек еді деген пікірлер өте көп болды. Мүсіндердің әйгілі француз суретшісі Никки де Сент-Фоллдың жұмысын толығымен қайталайтынын байқаған адамдар да болды.


Абай мен Михаэлиске ескерткіш. Сурет Yk-news.kz сайтынан

Өскеменде бірнеше жыл бұрын ақын Абай Құнанбаев пен ғалым Евгений Михаэлиске ескерткіш орнатылды. Владимир Самойлов пен Евгений Непьянов жасаған төрт метрлік мүсін бір күн ғана тұрды, содан кейін ол бөлшектелді. Қала тұрғындары оны «Абай мен Михаэлистің селфиі» деп атады.


Бари Алибасовтың ескерткіші бүлінген. Сурет Tengrinews.kz

Сол Өскеменде, өзен жағасында,  Бари Алибасовтың мүсінін көруге болатын еді. Алайда алтындатылған шоуменнің мүсінін үнемі вандалдар бұзып отырды. Мәселен, былтыр оның аяғы жұлынған болатын. Өткен көктемде мүсін толығымен бұзылды.

Ng.kz сайтының фотосы                                                 Time.kz сайтының фотосы

2012 жылдың қараша айында Затобольск кентінің орталығына (Қостанай облысы), орнатылған мүсіндер полигонға жіберілгенше бүкіл Қазақстанға күлкі болды. Олардың бірі - ұл мен қасқыр бейнеленген - «Көксерек» («Жас қасқыр») деп аталды. Екіншісі - «сенімді қанаттың астында» деп аталады. Олар халық арасында тағы бірнеше лақап аттарға ие болды: «Бабай-сутенер» және «Қасқыр-педофил». Бұл мүсіндердің авторлары нені айтқысы келгені құпия болып қала берді.


Құстардың фигуралары. Facebook-тен Бағдат Измағамбеттің суреттері

Батыс Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ескерткіш таңқаларлық болды. Ол туралы Оралдағы журналист Бағдат Ізмагамбет жазды. Мүсін Ақжайық ауданында пайда болды. Онда екі құстың құрылымы анықтауға болады. (Бары сол).


Соңғы жылдары Қазақстанда Абайға ескерткіштер мен бюсттер көптеп ашылды. Бірақ кейбір қалаларда олар әлемдік пролетариаттың жетекшісі Владимир Ленинге қатты ұқсайды деген күдікке ілінді. Мысалы, Алтайда (Шығыс Қазақстан облысы), Абай 2015 жылы жергілікті "Горняк" Мәдениет үйінің тұғырына көтерілді.

Осындай жағдай Степногорск қаласында (Ақмола облысы) қалыптасты. Әлеуметтік желілерде қазақ ақынының бюсті Лениннің ескерткішінен «басын» алып тастап, орнына Абайдың "басын" өңдей салған, ал тұғырға «Абай Құнанбаев» деген жазу жазылған деген пікірлерді жергілікті билікке ресми түрде жоққа шығаруға тура келді.

Анна Козырева, "Фергана"

Дайындаған "Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер