«Ән Мұхиты»

3657
Adyrna.kz Telegram

27 сәуір күні Қазақконцерт залында қазақ халқының көрнекті әнші-композиторы Мұхит Мерәліұлының 170 жылдық мерейтойына орай «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірлесіп өткізуімен «Ән Мұхиты» атты кеш өтеді. Бұған дейін Біржан сал, Ақан сері шығармашылығынан ән кештерін ұйымдастырған «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі дәстүрлі музыканы сағынып жүрген үлкен кісілерді Мұхит әндерімен қауыштырып, оның мұраларын жас ұрпаққа насихаттауды мақсат тұтып отыр.

Ән кешіне Батыс өңірінен Қатимолла Бердіғалиев, Сағадат Рахметжанов тәрізді Мұхит әндерін бала кезінен құлағына құйып өскен өнер саңлақтары арнайы шақырылып отыр.

Кешке қатысушылар:

Жоламан Құжиманов, Сәуле Жанпейісова, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Қосанова, Еркін Шүкіманов, Ырысты Сүлейменова, Мархабат Мықтыбеков, Еркін Нұрханов, Ерлан Рысқали, Гүлсім Арысбаева, Бибігүл Сауытова,

Венера Қаржаубаева, Самал Өмірзақова, Жанғожа Аяпов, Жұлдыз Сүндетқалиева, Әзімхан Баймағанбетов, Нұрым Асқанов және т.б.

Келем деушілерге есік ашық (тегін)!

Басталуы: 19.00-де.

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі сал-серілер мұрасын насихаттайтын жобаға демеушілер іздейді. Ұлттық ән-күй – қазақтың жаны мен рухы. Рухынан айырылған халық құлдықтың қамытын киеді. Ел болашағына бей-жай қарай алмайтын өнер жанашырларынан қолдау күтеміз.


Қосымша ақпарат телефоны:

87073638331, 87022702102, 87773661210

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер