Алаш арыстарының жәдидшілдік реформасы VII

212

ПАЙҒАМБАРДЫҢ ДА ҚАТЕЛЕРІ БОЛУЫ МҮМКІН

                                                                                               Ахзаб сүресі 37

                                                                                                      Тәубе сүресі 43 

                                                                                              Абәсә сүресі 1-11

Ахзаб сүресіндегі мысалда пайғамбар жеке өміріндегі бір мәселеде адамдардан қысылғаны айтылады, сол үшін Алладан ескерту алады. Тәубә сүресінде пайғамбар Алла жолында күресіп жүргенде жасаған кейбір қате ұстанымы мен тәсілі үшін сынға алынады. Абәсә сүресінде болса Пайғамбар бір кәпірге дінді жеткізіп жатқанда дінді үйрену үшін қасына келген көр соқырға уақыт бөлмейді, тіпті наразылығын білдіреді. Алла пайғамбардың бұл әрекетін сынға алады және қатесін дұрыстауын айтады. Осы үш мысалда көргеніміздей  пайғамбардың қателігі мен пайғамбардың Құраннан тыс сөздері де уахи болып есептеледі деген қисынсыз сөздің де негізсіз екендігі баяндалады. Пайғамбардың сүндеті деп аталатын дінді бұзу қозғалысы, тіпті пайғамбардың әлі пайғамбар болмай тұрғандағы кезеңдерін түгел сүндетке дәлел ретінде алған. Мысалы хадисші Сибаи әс-Сунна кітабының 47 бетінде былай айтылады.“Пайғамбарымыз жайында қандай болжам яки риуаят жасалған болса да бұл ақпарат пайғамбарымыздың елшіліктен бұрынғы кезеңі болсын яки пайғамбарымыздың уахи түскен кезеңі болсын бәрі де бірдей сүндет шеңберінің ішіне кіреді.” Алайда Құранда Пайғамбарымыздың елшіліктен бұрынғы  жағдайы былай баяндалады.

 

Сені адасқан қалпыңда тауып, соңыра, тура жолға салған жоқ па?! 

                                                                                                           Духа сүресі 7

Осылайша саған әмірімізден  бір рухты уахи еттік. Сен кітап деген не, иман деген не білмеуші едің! 

                                                                                                       Шұра сүресі  52 

Аяттарда пайғамбарымыздың уахи келместен бұрын адасқан болғаны, кітап пен иманды білмегені айқын баяндалады. Пайғамбардың иманды білмей тұрғандағы дәуірі қалай бізге үлгі бола алады. Дін ретінде адамдарға қалай насихатталуы керек? Бұндай жорамалдар күмәнсіз Құранның жоғарыдағы және басқа да көптеген аяттарына қайшы келеді. Пайғамбарға Құранға ұқсас бір нәрсе берілді деген жорамалдар да Құранға қайшы келеді.

Адамдардың қолдарымен жазған кітаптарыны Алланың кітабы Құран сияқты діннің қайнары ретінде танытып жүргендер, мына аятты жақсылап оқысын:   Бақара сүресі 7

7:28 ,7:29 

                                               Кім кінәлі?

Адам баласының осынша адасып, түнекке түсуіне кім айыпты? Әрине, ең оңайы – бар кінәні пірлер мен дінбасыларға аудара салу. Бірақ өйте де алмаймыз. Неге? Онда көпке ілесіп, Сенім мәселесіндегі ең басты заңға қарсы шыққан болар едік. Ол заң – әрбір адамның Құдай алдында жеке жауап беретіні. Егер біз «Кім кінәлі?» деген сауал қойсақ, Құран оған былай жауап береді: Басына түскен бар бәлекетке жауапты – адамның өзі!

30:41 ,42:48 ,13:11 

                                            Не істеу керек?

Бұл өмірде Құдайдың сүйген пендесі болып, о дүниеде жанымызды азаптан құтқару үшін не істеуіміз керек? Қайткенде ең дұрыс жолға түсіп, Иманымызды (Cенім) тазартамыз?

Ол үшін әр істе өз ақылымызға сүйенуді үйренуіміз қажет. Адамның шындықты өзі іздеп, Сенім жайлы тәуелсіз ойлануы  Сенім-Иманнан ажырағысыз нәрсе.

Адам өмірінің мақсаты, Аллаға сенімнің мәні имандылықтың сыртқы образын жасап, сол қалыптан айнымай жүріп-тұруда емес. Керісінше, ақыл-ой толғанысы арқылы жеке болмысты Құдайдың қалауымен жақсы жағына қарай түбегейлі өзгерту. 

Оған жетудің жолы – ішкі және сыртқы болмыс жайлы ешкімнің ықпалынсыз дербес ой қорыту. Тәуелсіз ойлау білімге жеткізеді. Басқаша айтсақ, ақылын іске жарата алатын, еркін ойлы, білімді адам ғана нағыз Иман келтірген адам.

39:9 ,39:17 ,39:18 ,2:269 ,65:10 ,65:11

 Өзінің ішкі дүниесін, сырттағы әлемнің құбылыстарын және Құдайдың белгілерін ақылға салу арқылы адам Құранның ақиқат екенін түсіне бастайды. Осылайша, ол өз өмірінің мәнін де сезіне бастайды.41:53 

Ақыл-ойдан қашып, ойлануға ерінген адам – өзін жоғалтқан адам. Жоғалтып қана қоймай, Құдайға иланудан да қалған адам.

6:20 ,7:179 

                          Пірлер немесе дінбасылар

Ой мен Сенімді бір-бірінен бөліп алу мүмкін емес. Яғни, ойланудан ерінген, ойланудан қалған адам – иланудан қалған адам. Ал реакционды саясиланған дәстүрлі дін Сенім мен Ақылды бір-біріне қарсы қояды. Яғни, Сенім бар жерде ақыл керек емес. Бұл екеуінің дұшпандығына «әлім», «уляма», «факих», «мухаддис», «муфассир», «шейх уль-ислам», «аятолла», «худжат уль ислам», «молда», «мәуләна», «әулие», «имам», «мүфтий», «мүршид» тағы басқалай аталатын діни атақтар, қысқаша айтқанда түсіндірмеші пірлердің кәсіби институты дәлел бола алады. Бұл институт саясиланған араб-парсы дәстүршілдігіне және   сонымен қатар суфизм, салафизм сияқты олардан бөлінген секталарға тән.

Ақыл мен Сенімнің қайшылығына апаратын нәрсе – дін туралы білімді жай пенденің қолы жетпейтін биікке шығарып қою. Бұл үшін діннің өзі екіге бөлінеді. Бірінші – эзотерикалық, яғни құпия, күрделі, қол жетпейтін биіктегі дін. Екінші – экзотерикалық, бұл – жай «мұсылмандар» күнделікті ұстап жүрген практикалық, қолжетімді дін. Өздеріңіз байқап отырғандай, діннің эзотерикалық тармағында Ақыл қолданылады. Ал оған тек дін иелері мен дінбасылардың ғана хұқы бар!

Саясиланған араб-парсы дәстүрлі дінінде «қасиетті дін білімін» алғандар айрықша мәртебеге ие. Бұл мәртебені олар сол дәстүрге ұзақ қызмет етіп, мол еңбек сіңіргені үшін алады. Ондағы еңбек: кітаптан бас алмай, тұтас мәтіндерді жаттау, ол мәтінді жеткізушілердің тізбегін жатқа айту, түрлі секталардағы беделді пірлерге шәкірт болып, сол секта дәстүрін жалғастыру. Пір-абыздықтың бұл түрі негізінен ортодоксал сүннит бағытына тән.

«Мұсылмандықтың» өзге бағыттарында пірліктің басқа варианттары бар. Мысалы, шиизмде – мұрагерлік, суфизмде – азапты тақуалық. Ал іс жүзінде пірліктің түрлері араласа береді. Сүннит әлімдері мен шииттік аятоллалар сопы да бола алады, ал сопылар «әулиелікті» баласына мұраға қалдыра береді.

Тұрарбек Құсайынов

"Демос" ҚҚ төрағасы

Пікірлер