"Ақымақ болмаңыздар!" Трамптың Ердоғанға жазған хаты жарияланды

431
Turkey's President Recep Tayyip Erdogan (L) shakes hands with U.S President Donald Trump as they give statements to reporters in the Roosevelt Room of the White House in Washington, U.S. May 16, 2017. REUTERS/Kevin Lamarque - RTX363IT
Turkey's President Recep Tayyip Erdogan (L) shakes hands with U.S President Donald Trump as they give statements to reporters in the Roosevelt Room of the White House in Washington, U.S. May 16, 2017. REUTERS/Kevin Lamarque - RTX363IT

АҚШ президенті Дональд Трамптың Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға 9 қазанда жолдаған хаты жарияланды. Хаттың көшірмесін журналист Триш Реган бөлісті. Кейін Ақ үй бұл хатты Трамп жазғанын растады.

Трамп хатында "егер Анкара Сирияның солтүстік-шығысында әскери операция бастаса, Түркия экономикасын жойып жіберетінін" жазған.

"Егер барлығын дұрыс әрі адамгершілікке сай жасасаңыздар тарихта жақсы аттарыңыз қалады. Бірақ іс насырға шапса, тарихқа жауыз болып енесіздер. Ақымақ болмаңыздар! Кейін хабарласамын" деп жазған Трамп.

Trish Regan

@trish_regan

EXCLUSIVE: I have obtained a copy of ⁦@realDonaldTrump⁩’s letter to . ⁦@POTUS⁩ warns him to not “be a tough guy! Don’t be a fool!” Says he could destroy Turkey’s economy if is not resolved in a humane way. Details tonight at 8pm

View image on Twitter
9 қазанда Түркия Сирияның солтүстік-шығысында әскери операция бастаған. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның сөзінше, бұл операцияның мақсаты - "ДАИШ террорлық ұйымымен және күрдтердің қарулы жасақтарымен күрес". Анкара осы операция арқылы Сирияның солтүстік-шығысында қауіпсіз аймақ құрып, Түркиядағы сириялық босқындарды осы аумаққа орналастырғысы келеді.

Халықаралық ақпарат агенттіктері 9 қазаннан бері Сирияның солтүстігінен 150 мың адам босып кеткенін хабарлады. Түркия операция бастаған күні Трамп әкімшілігі АҚШ бұл операцияға қатыспайтынын мәлімдеп, Америка әскері Сирияның солтүстік-шығысын тастап кете бастаған.

Сириялық күрдтер – АҚШ-тың "Ислам мемлекеті" террористік тобымен күресте негізгі серіктесі. Ал Түркия күрд жасақтарын "террорлық топ" деп санайды.

2016 жылы күрдтер Сирияның солтүстік аймағына бақылау орнатып, "Роджаба – Солтүстік Сирия" федеративті аймағын құрғанын жариялаған. Күрдтер құрған аймаққа Жазира, Кобани және Африн қалалары енген.

"Азаттық" радиосы

Пікірлер