Жамбыл облысының әкімі сенбілікке шықты

2960
Adyrna.kz Telegram

Бүгін республикалық көгалдандыруға бағытталған сенбілікке жамбылдықтар да белсене атсалысты.

Шараға облыс басшысы Асқар Мырзахметов бастаған барлық орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма басшылары, ардагарлер кеңесі және өзге де ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты.
Облыс бойынша барлығы 18466 адам 18880 көшет отырғызды. Оның ішінде, қарағай, шырша, қарағаш, арша, терек, емен, шетен, айлант секілді ағаш түрлері бар. Сенбілік өңірдегі 98 елдімекенді қамтыды.
Айта кетейік, аймақ басшысы Асқар Мырзахметов тал егу акциясына облыстың шалғай ауданы-Мойынқұмнан қатысты. Онда мойынқұмдық жастар мен
қызметкерлермен бірге «Жаз Ата», «Жасыл ел» саябақтарына тал егіп, шараға қарқынды үлес қосты. Аталған акция аясында облыс әкімі Асқар
Мырзахметов және Мойынқұм ауданы әкімі Мәден Мұсаев туя, емен, терек
ағаштарын отырғызып, игі істің маңыздылығын туралы тоқталып өтті.

Бүгінгі экологиялық шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысып, ағаш екті.

Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне орайластырылған шара еліміздің барлық өңірінде қолдау тапты. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев атап өткендей, 12 қазан күнгі кампания барысында және жалпы күз айының соңына дейін республикада 1 миллионға жуық ағаш отырғызылады.

"АДЫРНА"

ұлттық порталы

Пікірлер