ҚР ІІМ Мұхамеджан Тазабекке қатысты тексеруді бастады

2922

Оның айтуынша, Мұхамеджан Тазабекті полиция қызметкерлерімен кездесуге Мамандандырылған күзет басқармасы шақырған болуы мүмкін.

ҚР Ішкі істер министрлігі "Асыл арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабектің полициялар алдында оқыған баяндамасына қатысты тексеруді бастады. Бұл туралы министрдің орынбасары Алексей Калайчиди айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Әрбір мемлекеттік органның ақпараттық жұмыс, насихат жүргізу жоспары бар. Олар дәріс оқу үшін белгілі бір қоғам қайраткерлерін шақырып жатады. Енді біз бұл кездесудің қаншалықты қажет болғандығын, оның өткізілу форматын және мазмұнын тексеріп жатырмыз. Соның қорытындысы бойынша біз шешім шығарамыз. Ал тексеру жүргізілгенге дейін мен бұл мәселеге қатысты ештеңе айта алмаймын", - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.

Оның айтуынша, Мұхамеджан Тазабекті кездесуге Мамандандырылған күзет басқармасы шақырған болуы мүмкін.

Алдында ғаламторда Тазабектің полициялар алдында сөйлеп жатқан видеосы жарияланған болатын. Ол белгілі бір деңгейде желі қолданушылардың наразылығын туғызған. Мұхамеджан Тазабек - "Асыл Арна" діни телеарнасының бас директоры, ақын.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket