Үндістанда табиғат апаты. 1,5 мың турист Сиккимде қалып қойды

724
Adyrna.kz Telegram

Үндістандағы күшті муссондық жауын-шашын салдарынан болған су тасқыны мен көшкіндерге байланысты Сикким штатының солтүстік-шығысында 1,5 мыңнан астам турист қалып қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Mint газетінің мәліметінше, туристер қалған аймақтарға апаратын жолдарды көшкін басып, қатынас үзілген. Сиккимге демалуға келгендерге ауа райы жақсарғанға дейін қонақүйлерде қалуға кеңес берілді.

«Жауын-шашынның жалғасуына және жергілікті Тиста өзеніндегі су деңгейінің жоғары болуына байланысты Сикким билігі қауіптің қызыл деңгейін жариялады», – деп жазады басылым.

Бұған дейін күшті муссондық жаңбыр салдарынан Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам, Аруначал-Прадеш, Мегхалая, Мизорам және Нагаленд штаттарында болған су тасқыны мен көшкін салдарынан 32 адам қаза тапқаны хабарланған еді. Мыңдаған тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер