Мұхтар Шахановтың бұрынғы зайыбы өмірден өтті

1189
Adyrna.kz Telegram

Белгілі ақын Мұхтар Шахановтың бұрынғы зайыбы, ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханова дүниеден өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Розалинда Шаханова – 1951 жылы 25 тамыз күні Павлодар қаласында дүниеге келген. QyzPU-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығына түсіп, оны 1974 жылы тәмамдаған. Бес жылға жуық орта мектепте тәрбиеші және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеген.

Розалинда Шаханова 1990 жылы кандидаттық диссертациясын табысты қорғап шыққан. 1993 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша екінші жоғары білім туралы диплом алған. Сонымен қатар сол жылы доцент ғылыми атағына ие болды.

1991-2004 жж. Қ.Сәтбаев  атындағы ҚазҰТЗУ  қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. 2004-2008 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық  институтының (қазір университет) оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор, 2008-2011 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ психология және педагогика факультетінің деканы, 2011-2014 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ магистратура және докторантура институтының филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2014-2017 жж. жылдан бастап, Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтының практикалық тілдер кафедрасының меңгерушісі болды. 200-ден астам ғылыми еңбектері бар. Оның ішінде монографиялар, оқулықтар және оқу құралдары.  

Пікірлер