«Томиристі» түсіргендер фильмнің қазақша нұсқасының кешккені үшін кешірім сұрады

5558
Adyrna.kz Telegram

1 қазаннан бастап Қазақстан кинотеатрларында «Томирис» тарихи фильмі қазақ тілінде көрсетіле бастайды. Бұл туралы фильмнің режиссері Ахан Сатаев өзінің Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді. «Тағы да біз Сіздерден  фильмнің қазақша нұсқасын күткендеріңіз үшін шын жүректен кешірім сұраймыз!», - деді ол.

Өткен аптада режиссер фильмнің премьера аясында мемлекеттік тілде ұсынылмағаны үшін көрермендерден кешірім сұрауға мәжбүр болды. «Әрине, бізде қазақ тіліндегі толық нұсқасы бар, бұл біздің басты міндетіміз. Латын тіліндегі соңғы грамматикада - фамилиялар мен аттардағы анықталған грамматикалық қателіктерге байланысты, біз заңды түрде осы қалпында фильм шығара алмадық! Біз қазір мәселені жедел шешудеміз », - деп жазды ол сол кезде.

25 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында, ал 26-да Алматыда Мәдениет министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» түсірген тарихи фильмнің премьерасы болды. Бірқатар көрермендер бұл киноның неге орыс тілінде көрсетілетінін сұрады. Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Abai.kz сайтында қазақ элитасы «премьераны өздері үшін, әрине, өздеріне ыңғайлы тілде жасады» деп болжам жасады. «Миллиондаған адамдар дәл осы фильмді күтеді, және өздерінің ана тілінде Ал, оларға бәрібір. Қазақша нұсқасы тек қоғамның наразылығынан кейін жүзеге асты », - деді ол.

«Томирис» - б.з.д. VI ғасырдағы патшайым Томирис бастаған сақ тайпаларының парсы патшасы Кирға тойтарыс бере алған кездегі оқиғалар туралы тарихи фильм. Фильмнің бас продюсері және сценарий авторларының бірі - Әлия Назарбаева. Киноның бюджеті 2,5 миллиард теңгені (6,4 миллион доллар) құрады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер