Іздеудегі Арғын Нығматулиннің тергеуден бұрын елден шығып кеткені анықталды

1344
Adyrna.kz Telegram
Фото: Alash.kz
Фото: Alash.kz

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаевтың мәлімдеуінше, Арғын Нығматулин елден тергеу басталмай тұрып шығып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құрақбаев бұл туралы Сенат отырысының кулуарында айтты.

"Антикор Нығматулинге қатысты тергеу жүргізіп жатқан жоқ. Бұл істі басқа мемлекеттік орган тергеп жатыр, сондықтан біз түсініктеме бере алмаймыз. Біз тек іздестіру шараларын жүзеге асырудамыз", — деді агенттік өкілі.

Журналистер Нығматулиннің қай елде екені анықталғанын сұрағанда, Құрақбаев оның Қазақстаннан әлдеқашан шығып кеткенін айтты.

"Біз оның елде жоқ екенін нақты білеміз. Ол тергеу басталмай тұрып кетіп қалған. Қазіргі уақытта оны іздестіру және елге қайтару бойынша шаралар жүргізілуде. Ол халықаралық іздеуге жарияланған", — деп мәлімдеді Құрақбаев.

Бұған дейін Бас прокуратура Арғын Нығматулин мен басқа да тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу") бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Сот Нығматулинге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялап, оны іздеуге жариялады.

Аталған бапқа сәйкес, кінәлі тұлға 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. Сондай-ақ, белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынады.

Құқықтық статистика органдарының сайтында Нығматулинге іздеу жарияланғаны туралы ақпарат бұрын да жарияланған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер