Баянауыл баурайындағы Жасыбай көлінің жағасында музыкалық мереке – «Жұлдызды Жасыбай» III ретро фестивалі өтті. Жыл сайынғы аталмыш мереке әртістер мен табынушылардың бас қосатын орнына айналды. Жасыбай көлінің жағалауына сүйікті әндерін тыңдау үшін мыңдаған қазақстандықтар осымен үшінші жыл қатарынан жиналуда. Шараға өңір басшысы Ерлан Арын қатысты.
Биылғы ретро-фетивальда Павлодардың Ертіс-Баян өңірінің дара тұлғалары, белгілі ақын-жазушылары, сазгерлері Майра, Естай, Жаяу Мұса, Иса Байзақов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Садық Кәрімбаев, Мұзафар Әлімбаев, Қабдыкәрім Ыдырысовтардың өлеңдері мен музыкасына жазылған әндер қазіргі Қазақстан эстрада жұлдыздарының орындауында шырқалды. Павлодар облысының шығармашылық ұйымдары туған жер туралы әндер орындады.
«Жұлдызды Жасыбай – 2013» фестиваліне Тамара Асар, Меруерт Түсіпбаева, рамазан Стамғазиев, Жанар Айжанова, Айбек, Ұлжан, Айнақұлова, Жанна Орынбасрова, Серік Ибрагимов және «МУЗАРТ», «Жігіттер», «Алашұлы», «КZ» топтары, сондай-ақ «Шаңырақ сазы» симфониялық оркестр және фольклорлық ансамблі қатысып, өнер көрсетті.
Фестиваль бағдарламасын жүргізуге Азамат Сатыбалды, Айгүл Иманбаева, Майя Веронская және Берік Көшербек шақырылды.
«Жұлдызды Жасыбай» Павлодардың Ертіс-Баян өңірінің мәдени өміріндегі елеулі оқиғалар қатарында.
«Жұлдызды Жасыбай»
28.09.2015
3287
Пікірлер
Басқа материалдар
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз