ҚР мен РФ көлік жөніндегі үкіметаралық отырысы өтті

2926
Adyrna.kz Telegram

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ БОЙЫНША КӨЛІК ЖӨНІНДЕГІ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КІШІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОН ТӨРТІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2019 жылғы 24-25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Берік Камалиев пен Ресей Федерациясы Көлік министрінің бірінші орынбасары Иннокентий Алафиновтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның көлік жөніндегі Кіші комиссиясының он төртінші отырысы өтті.

Отырысқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» СТК, «SCAT» және «Эйр Астана» авиакомпаниялары», «Ресей темір жолдары» ААҚ, «Ресейлік кеме қатынасы палатасы» ЖБЖРСБ және басқалар қатысты.

Отырыс барысында теміржол, автомобиль, су, әуе көлігі, сондай-ақ автомобиль жолдары саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, тараптар үш жылға шекаралық (аймақтық) қатынастағы поездардың жүріп өтуі бойынша қызмет көрсетуге шарт жасасу мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты, сондай-ақ екі жақты ресей-қазақстан ынтымақтастығының жағдайын талқылады, оның тұрақты жоғары деңгейін атап өтті.

Отырыс барысында қол жеткізілген негізгі уағдаластықтар қорытынды хаттамада көрініс тапты.

 

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер