Қысымға шыдамаған. Оңтүстік кореялық актриса өз-өзіне қол жұмсады

1241
Adyrna.kz Telegram
Фото: The Fact
Фото: The Fact

Оңтүстік кореялық актриса Ким Сэ Рон сынға ұшырағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Рёнхап» басылымына сілтеп.

Актриса 24 жасында өмірден өтті. Басылымның мәліметінше, қыздың денесін оның досы тапқан. Ол алдын ала белгіленген кездесуге келмеген соң, полицияның көмегіне жүгінген. Тергеу барысында оқиға орнын тексерген полиция қызметкерлері пәтерге заңсыз кірген іздер табылмағанын айтып, Ким Сэ Ронның өз-өзіне қол жұмсағанын растады.

Ким Сэ Рон кино әлеміне 9 жасында қадам басқан. Оның соңғы ірі жобасы – 2023 жылы Netflix платформасында жарық көрген «Аңшылар» (Охотничьи псы) сериалы. Бұл жоба танымал вебтун негізінде түсірілген.

2022 жылдың көктемінде Сеулде актриса мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатына ұшыраған. Осы әрекеті үшін ол 20 миллион вон (шамамен 13,8 мың доллар) айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

Кейін ол актерлік мансабын тоқтатты. Оның қатысуымен түсірілген Netflix сериалындағы көріністері қиылып тасталды. Актриса қоғам тарапынан қатты сынға ұшырап, әлеуметтік желілерде қудалауға тап болды. Ким Сэ Рон тіпті есімін Ким А Им деп өзгертіп, бизнес бастауға және киноға қайта оралуға тырысқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер