Ресей қазағының Украинадағы соғыста өлгені хабарланды

1940
Adyrna.kz Telegram

2008 жылы Ресейдің Грузияға жасаған басқыншылығы кезінде танымал болған этникалық қазақ Тасболат Ибрашевтің Украинадағы соғыста қаза тапқаны жайлы хабар тарады. Оқиғаның 3 ақпанда болғаны айтылады. Бұл туралы 24tv.ua агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Украина қорғаныс күштері Ресей әскери қызметшісі Тасболат Ибрашевтың көзін жойды. Ол 2025 жылдың 3 ақпанында Харьков облысындағы Волчанск қаласындағы шайқас кезінде мерт болды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Тасболат Ибрашев 2008 жылы Ресейдің Грузияға жасаған басқыншылығы кезінде танымал болған еді. Оның Гори қаласының шетіндегі грузин әскери колоннасының алдында тұрған кадрлары әлемдік БАҚ-тарда жарияланған болатын. Ұзақ уақыт бойы суреттегі адам Бурятиядан шыққан Бато Дашидоржиев деп келген. Алайда кейінірек бұл суреттегі адам бурят емес, Қазақстанның тумасы Тасболат Ибрашев екені анықталды. Ол кезде 58-Ресей әскерінде келісімшарт бойынша қызмет еткен.

Тасболат Ибрашев 1984 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1986 жылы анасымен бірге Ресейге көшіп кеткен. 2008 жылы Солтүстік Кавказда қызмет етіп, 2010 жылы келісімшарт аяқталғаннан кейін Астраханьға оралған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер