«Абайлаңыз, қауіпті жүк!» бақылау акциясы қорытындыланды

1471

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының
4-бабына (бұдан әрі - Заң) сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi – адамдар қауiпсiздiгiнiң, олардың өмiрi мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғаудың басымдығы болып саналады.
Өз кезегінде, тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде олардың өзiндiк ерекшелiгiне байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өрт шығуына немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiс және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.
Осыған орай, Көлік комитетінің 2019 жылға арналған
іс-шаралар жоспары шеңберінде көліктік бақылаудың неғұрлым басым бағыттары бойынша тиісті іс-шаралар өткізу қарастырылған. Жоғарыда аталғандарға байланысты, автомобиль жолдарында қауіпсіздікті және қауіпті жүк тасымалдаушыларымен көлік заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында 19 тамыз және 19 қыркүйек аралығында Жоспарға сәйкес «Абайлаңыз, қауіпті жүк!» бақылау акциясы өткізілді.
Акция аясында Көліктік бақылау органдарымен 1305 автокөлік құралы тексеріліп, Қазақстан Республикасының Көліктік заңнамаларын бзғандығы үшін 455 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 310 бұзушылық Қазақстандық және 145 – шетелдік тасымалдаушыларға қатысты.
Соммасы 9,43 миллионнан астам тенге айыппұл салынып, жүріп өтуі үшін алым соммасы 4,9 миллионнан астам теңгені құрады.
Ақпарат ретінде: 2018 жылда 936 автокөлік құралы тексеріліп, 372 бұзушылық анықталып, 7,61 миллионнан астам тенге айыппұл салынып, жүріп өтуі үшін алым соммасы 1,4 миллионнан астам теңгені құраған болатын.
Акция барысында республика жолдарында көлік құралдарына бақылау күшейтілген.

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket