«Біз жол жүргелі отырғанда Қасым-Жомарт Кемелұлының атына 2014 жылы Гуанжоу әуежайында Қытай құқық қорғау органдарымен ұсталған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың анасынан өтініш түсті. Оның мәтіні БАҚ беттерінде жарияланды. Осыған орай Мемлекет басшысы Бейжіңдегі кездесулерде Қытай тарапына өзінің жеке өтінішін жеткізді. Бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Оның нәтижелері бойынша Сыртқы істер министрлігі арқылы осы жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сапар нәтижесі бойынша берілетін тапсырмалар тізіміне отандасымыздың тағдырына қатысты мәселе арнайы кіріп отыр», – деп тоқталды Мұрат Нұртілеуов.
Президент бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгендіктен, алдағы күндері қуанышты жаңалықты естіп қалармыз деген ниеттеміз.
"Адырна" ұлттық порталы