Болашақтың бастауы - белсенді жастар

618
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “BASTAU TALKS” қоғамдық лекциясы аясында “Миллион” жайдарман командасының мүшелері Ерболат Заркумов, Мансар Орынхан және ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Дәурен Тілеухан Ордабасы ауданының жастарымен кездесті.

📋Кездесу мақсаты - жастарды шығармашылыққа ынталандырып, өздерінің потенциалын дамытуға көмектесу. Сонымен қатар, өнер мен әдебиет саласындағы тәжірибелерін бөлісу және жас буынның қоғамдағы рөлі туралы ой бөлісу.

🔹Ерболат Заркумов жастарға шығармашылықтың маңыздылығын айтып, кез келген жұмыста табандылық пен жауапкершілік қажет екенін атап өтті. Ол өзінің өмірлік тәжірибесінен мысал келтіріп, жастарға қиындықтарға төтеп беруді және армандарына сеніп, сол жолда еңбек ету керектігін түсіндірді.

🔹Мансар Орынхан өз кезегінде шығармашылық әлеміндегі қателіктер мен сәтсіздіктердің уақытша екенін және олардың әрқашан дамуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол жастарды өз қателіктерінен сабақ алуға және әрдайым жаңашыл болуға шақырды. Сондай-ақ, қоғамдағы өзгерістер мен жас буынның рөлі туралы сөз қозғады.

🔹Дәурен Тілеухан ақын ретінде әдебиет пен шығармашылықтың күшін сөз етті. Ол әдебиетке деген махаббаттың адамды терең ойға батырып, өмірге жаңа көзқарас қалыптастыруға ықпал ететінін айтты. Дәурен ағамыз жастарды өздерін ашуға, шығармашылыққа бағытталған ізденістерін тоқтатпауға және қоғамдағы өз орнын табуға шақырды.

📑Жиында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің “БАҚ пен қоғаммен байланыс” бөлімінің басшысы Қайрат Ақтөре Мейіржанұлы модераторлық етті.

🔹“BASTAU TALKS” қоғамдық лекциясы – жастар үшін ерекше мүмкіндік. Бұл жоба әр түрлі салада жетістікке жеткен кәсіби мамандарды, талантты жастарды және белсенді қоғам қайраткерлерін жинап, жастардың білім мен тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау. Олардың өмірлік тәжірибесі мен жетістікке жету жолын жастарға үлгі ете отырып, мотивация беріп, дамыту, тың ақпарат алуға бағытталған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер