ҚР ИИДМ Көлік комитетінде "Айқын бағыт" жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылды

3226
Adyrna.kz Telegram

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінде көлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа әдістерін қолдануға, Комитет қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыратын жобалық кеңсе ашылды.

Атап айтқанда, көліктік бақылау қызметкерінің қатысуынсыз автомобильдердің салмақтық және габариттік параметрлерін автоматты түрде анықтайтын автоматтандырылған өлшеу станцияларын пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тасымалдаушылардың автоматтандырылған өлшеу станцияларында АКҚ салмақтық және габариттік параметрлерін арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының салмақтық және габариттік параметрлерінен асыра жүріп өткендігі анықталған жағдайда қайта анықтауға мүмкіндігі бар. Бұл ретте, тасымалдаушыларды жолда тоқтатпай жүк тасымалдау мерзімін қысқартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға болады.

 


Бұдан басқа, Комитет қызметінің тиімділігін арттыру үшін Функционалдық талдау жүргізу және бизнес-үдерістерді оңтайландыру жолымен ISO 9001 стандартына қол жеткізу жобасы әзірленді.
Қазіргі уақытта функционалдық талдау жүргізу нәтижесінде Министрліктің, Комитеттің және құрылымдық басқармалардың ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілуде.
Сонымен қатар, әрбір маманның лауазымдық нұсқаулықтарында жүктелген міндеттер нақты көрсетіледі.
Сонымен қатар, комитетте деректердің үлкен көлемін санаулы мерзімде өңдеуге мүмкіндік беретін BI-жүйелерді енгізу жөніндегі жоба іске асырылуда.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер