Кек қайтару ма? Студент оғынан 8 адам қаза тапты, 17 адам жараланды

109
Adyrna.kz Telegram
Сурет: naked-science.ru
Сурет: naked-science.ru

Қытайдың шығысында орналасқан Цзянсу провинциясындағы колледжде студент пышақпен шабуыл жасады. Нәтижесінде 17 адам жарақаттанып, 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  DW-ге сілтеме жасап.

Исин қаласының полициясы хабарлағандай, шабуылдаушы 21 жастағы студент болған, ол биыл оқу орнын бітіріп шығуы керек еді, бірақ емтихандарын тапсыра алмаған. Полиция оны қылмыс орнында ұстап, бұл әрекетін кек алу мақсатында жасағанын айтты.

Қытайда қоғамдық орындарда шабуылдардың саны артып келеді Қыркүйек айында Шанхай маңындағы супермаркетке пышақпен шабуыл жасаған қылмыскер 3 адамды өлтіріп, 15 адамды жарақаттаған.

Қазан айында Пекин қаласындағы бастауыш мектеп маңында 50 жастағы ер адам 5 адамды пышақтаған, оның үшеуі бала.

Ал 11 қарашада Гуандун провинциясындағы Чжухай қаласында 62 жастағы ер адам спорт орталығының аумағында адамдарды қаққан. Осы оқиғадан 35 адам қаза тауып, 43 адам жарақат алған.

Пікірлер