Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан президенттері "жасыл" энергетика бойынша маңызды келісімге қол қойды

1108
Adyrna.kz Telegram

2024 жылғы 13 қарашада Әзербайжан астанасы Бакуде өткен COP 29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан президенттері "жасыл" энергияны өндіру мен жеткізу саласындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл құжаттың маңыздылығын атап өтіп, оны үш елдің тұрақты даму жолындағы жаңа тарихи қадам ретінде сипаттады:
"Стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қою – Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ аймақтарын дамытудағы маңызды кезең. Құжат елдеріміздің энергетикалық жүйелерін интеграциялауға және экологиялық таза энергияны Еуропа мен басқа да нарықтарға жеткізуге арналған сенімді дәліздер құруға мүмкіндік береді. Бұл бағытта Қазақстан ірі транзиттік аумақ ретінде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, бұл келісімнің практикалық нәтижелері "жасыл көпір" ретінде әрекет ететін Орта дәлізді дамытуға ықпал етеді. Үш ел арасындағы ынтымақтастық заманауи технологиялар мен тәжірибе алмасуды күшейтіп, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға жол ашады".

Қазақстан "жасыл" энергетиканы дамытуды басым бағыт ретінде қарастырады. Мемлекет басшысы елдің көміртекті бейтараптыққа жету жолындағы шараларын ерекше атап өтті:
"Біз қазба байлықтарға тәуелділікті азайту үшін белсенді жұмыс атқарудамыз. Технологиялық инновацияларды дамыту және экологиялық тұрақтылықты қолдайтын инфрақұрылым құру арқылы ірі жетістіктерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта шетелдік серіктестермен 43 ГВт қуаттылыққа ие "жасыл" жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдер жасалды."

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келісімнің елдер арасындағы бауырластық және стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеретінін айтты:
"Орталық Азия мен Кавказ өңірлері көптеген салада, соның ішінде "жасыл" энергетиканы дамыту бағытында үйлесімді жұмыс істеп келеді. Өзбекстан мен Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін құру бойынша үлкен жоспарлар мен жетістіктер бар екенін білеміз."

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев жобаның экономикалық қана емес, экологиялық маңыздылығын атап өтті:
"Бұл жоба жел және күн энергиясын пайдалану арқылы климатқа теріс әсерді азайтады. Осылайша, Париж келісімі аясындағы климатты қорғау жөніндегі ортақ мақсаттарымызды жүзеге асыруға ықпал етеміз."

Бұл келісім үш ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, "жасыл" энергетиканы дамытудың аймақтық және жаһандық деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер