15 қараша күні сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында Төлепберген Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.
Мерекелік кештің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Қанат Омаров. Дирижер — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Ерболат Ахмедьяров.
Концертке Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы қатысады. Оның көркемдік жетекшісі және бас дирижері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері — Бейімбет Демеуов.
Солистер: Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет»және «Парасат» ордендерініңі квалері, профессор - Гүлжамиля Қадырбекова, халықаралық байқаулардың лауреаттары - Еркебұлан Сапарбаев (скрипка), Майа Сепп (фортепиано), Ермек Құрманаев (виолончель).
ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі 1958 жылы филармонияның құрамына еніп, тыңдарман назарына симфониялық музыканың ең үздік үлгілерін ұсына білді. Оның ұйымдастырушысы, басшысы және алғашқы дирижері Қазақ КСР-нің, Ресейдің, Татар АКСР-нің халық әртісі Фуат Шәкірұлы Мансуров болып, оның есімі осы ұжымның тарихына алтын әріппен жазылды. Ұзақ уақыт аралығында ұжымды белгілі музыканттар – Виктор Яковлев, Илья Островский, Шамғон Қажығалиев, Ғазиз Дұғашев, Тимур Мыңбаев, Ренат Салауатов, Төлепберген Әбдірашевтер басқарды.