Қазақстан Орталық Азия елдерінен 11 млрд текше метр су алатын болды

1465
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан 2025 жылдың сәуір айына дейін Сырдария өзені арқылы шамамен 11 млрд текше метр су алады. Бұл туралы бүгін, 11 қарашада Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Орталық Азия елдерінің өкілдерімен келіссөздер барысында осындай келісімге қол жеткізіліп отыр. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов еліміздің атынан Түркіменстанның Ашхабад қаласында өткен Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының отырысына қатысты. Бас қосуға Өзбекстанның, Тәжікстанның және Түркіменстанның су шаруашылығы басшылары келді. Қырғызстан аталмыш комиссияға бақылаушы ретінде қатысып отыр»,—делінген хабарламада.

Нәтижесінде 1 сәуірге дейін еліміздегі Шардара су қоймасына 11 млрд текше метр су келеді деп күтілуде. Бұл 2025 жылғы суару маусымында еліміздің оңтүстік аймақтарына қажет су көлемін жинақтауға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, отырысқа қатысушылар Сырдария және Амудария өзендері бассейндеріндегі су қоймаларының болжамды жұмыс кестесін бекітті, сонымен қатар 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне Орталық Азия елдеріне су беру көлемін айқындады.

«Биыл келіссөздер мен бірлескен жұмыстың нәтижесінде біз Сырдария өзені бассейнінде суды тиімді бөлуге қол жеткіздік. Сондай-ақ, 86-шы отырыс қорытындысы бойынша бірлесіп атқарылған жұмысқа оң бағамды бергім келеді. Атап айтқанда, Қырғызстанмен су-энергетикалық ынтымақтастық туралы келісімдер жүзеге асырылды, сондай-ақ биыл суару маусымында «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс кестесін үйлестіру бойынша іс-шаралар қабылданды»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер